ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
09 октября 2020 | 10:52

"Қара көлік мінуге тыйым салынады". Шетелде шенеуніктерге қандай шектеулер бар?

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Кеше, 7 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық шенеуніктерге сыйлық беруге тыйым салынатын заңға қол қойды. Заңда мемлекеттік қызметшілер мен олардың отбасы мүшесіне сыйға тартушының пайдасына жасаған әрекеттері үшін сыйлықтарға, материалдық сыйақыға және қызмет көрсетуге толық тыйым салынған. Ал шет елдерде бұл мәселеге қалай қарайды? Tengrinews.kz тілшісі өзге елдерде мемлекеттік қызметкерлерге салынған тыйым мен жемқор шенеуніктерге қандай жаза қарастырылғанын анықтады.  

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Кеше, 7 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық шенеуніктерге сыйлық беруге тыйым салынатын заңға қол қойды. Заңда мемлекеттік қызметшілер мен олардың отбасы мүшесіне сыйға тартушының пайдасына жасаған әрекеттері үшін сыйлықтарға, материалдық сыйақыға және қызмет көрсетуге толық тыйым салынған. Ал шет елдерде бұл мәселеге қалай қарайды? Tengrinews.kz тілшісі өзге елдерде мемлекеттік қызметкерлерге салынған тыйым мен жемқор шенеуніктерге қандай жаза қарастырылғанын анықтады.  

АҚШ

328 миллионнан аса халқы бар АҚШ-та барлығы 2,1 миллион шенеунік бар екен. Бір қызығы америкалық шенеуніктерге шектеулердің ерекше түрі қойылған. Мысалы:

- Биыл 20 шілдеде жергілікті шенеуніктердің қызметтік ұялы телефонына TikTok бағдарламасын жүктеуге тыйым салынған.

- Сондай-ақ АҚШ президенті Дональд Трамп 2018 жылы жергілікті шенеуніктерге Huawei және ZTE қытайлық компаниялары өндіретін ұялы телефондарды қолдануға тыйым салған.

АҚШ-та пара алу дерегі тіркелген жағдайда соттың шешімімен 15 жылға бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Одан бөлек, "шайлық" берген адамдарға АҚШ заңнамасы бойынша айыппұл (мөлшерін сот шешеді) немесе екі жылға бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Көрнекі сурет © elements.envato.com 

Сондай-ақ құрама штаттарда мемлекеттік қызметке тағайындалу үшін пара бергендер мен алғандар бір жылға бас бостандығынан айырылады.

Германия

Германияда жемқор шенеуніктер үш жылдан бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Сондай-ақ бұл елде "төрт көз" ұстанымы бар, яғни маңызды ресми құжаттар қабылданатын кезде бірнеше қызметкер міндетті түрде қатысуы керек. Неміс қалалары қауымдастығы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізу мақсатында арнайы бағдарлама пакетін жасап шыққан. Оның ішінде ротация жүйесі ұсынылды. Басқаша айтқанда, шенеуніктер арнайы келісіп жұмыс жасамауы үшін үнемі ауысып отыруы керек.

Грузия

Грузия елінде де шенеуніктерге сыйлық берудің арнайы ережесі бар. Мысалы, бұл елде жеке берілетін сыйлықтың құны 1000 лариден (шамамен 133 мың теңгедей) аспауы керек. Сондай-ақ жергілікті шенеуніктерге жылдық табысының 15 пайызынан асатын немесе бір сыйлық үшін жылдық жалақысының 5 пайызынан асатын сыйлықтар алуға тыйым салынады.

Сонымен қатар, Грузия үкіметі осыдан екі жыл бұрын мемлекеттік құрылымдарға бюджет есебінен қара түсті көлік сатып алуға тыйым салатын жарлық қабылдады. Құжатқа 2018 жылдың 30 наурызында қол қойылған.

"Кез келген класстағы көліктің түсі қара түстен басқа болуы керек", - делінген құжатта.

Бұл шектеуді ақпан айында Грузияның сол кездегі премьер-министрі Георгий Квирикашвили ұсынған болатын. Ол үкімет мүшелеріне "қара джиптердің дәуірін артта қалдырып, басқа түсті көліктерге отыру керегін" айтқан болатын.

Грузияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы үлгі көрсеткен ел ретінде  жүргізілген реформаның негізгі нәтижелерінен аңғаруға болады:

2004 жылы реформалар басталғаннан бері полиция мен жол инспекторларының штаты 85 пайызға жаңартылды және бірнеше есеге қысқарды. Сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген барлық қызметкер жұмыстан шығарылды, көпшілігі түрмеге отырғызылды.

"Реформалаудың бірінші кезеңінде министрліктердің саны 18-ден 13-ке, ведомстволардың саны 52-ден 34-ке қысқартылды. Персоналдың саны 35-50 пайызға азайды", - делінген "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері" оқу құралында.

Нидерланд

Дүние жүзіндегі сыбайлас жемқорлық индексі бойынша бесінші орында тұрған Нидерландта жемқорларды анықтауға арналған бірнеше қабылданған. Оның ішінде:

- Маңызды мекемелерде, әсіресе министрліктерде ішкі қауіпсіздік қызметі бар. Оның міндеті - шенеуніктердің жіберген қатесін анықтау, олардың қолданыстағы ережелерді әдейі не кездейсоқ бұзғанын анықтау;

- Жемқорлыққа қатысты барлық материал, егер ол ұлттық қауіпсіздік жүйесіне зияны тимесе, міндетті түрде жария болады;

- Шенеуніктерге жемқорлық, пара алудың зиянын түсіндіретін арнайы оқыту жүйесі құрылған;

- Барлық деңгейдегі лауазымды тұлғалар өздеріне белгілі сыбайлас жемқорлық деректерін тіркеуге міндетті, бұл ақпарат тиісті арналар арқылы Ішкі істер және Әділет министрліктеріне жіберіледі.

Қытай

1,5 миллиардқа жуық халқы бар аспан асты елінде 7 миллион шенеунік бар екен. Ең алдымен, қытайлық шенеуніктерге 2013 жылдан бастап чартерлік әуе рейстерін өз мақсатына қолдануға тыйым салынған. Одан бөлек, жергілікті шенеуніктер шетелге барған жағдайда қонақ үйлерде стандартты бөлмелерге ғана қоныстануы керек. Сонымен қатар, қытайлық шенеуніктерге сыйлықтың кез келген түрін алуға шектеу қойылған.

Қытайдағы мемлекеттік қызметкерлер қоғамдық және мемлекеттік қаржыны жақындарын және туыстарын оқуға түсіруге, дайындауға, туристік сапарларға қолдануға тыйым салынған. Сондай-ақ туыстарына қатысты тергеу, тексерістердің нәтижесіне шенеунікке қызметтік мансабын пайдалануға болмайды.

Көрнекі сурет © Reuters

Аспан асты елінде жемқорлармен күресте қолданылатын ең ауыр жазаның бірі - өлім жазасы. Алайда 2016 жылдан бері жемқорлар өлім жазасына параның мөлшері 3 миллион юаннан (189,5 миллион теңгедей) асқан жағдайда ғана кесіледі.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer