ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
10 марта 2020 | 13:43

"Карантинге жатқандар ішінде қазақ та бар" - Моңғолия қоғамдық денсаулық сақтау маманы

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Бүгін Моңғолияда бірінші коронавирус жұқтыру дерегі тіркелгені хабарланған. Вирус жұқтырған Франция азаматы екен. Енді қазір моңғол халқы үрейлі. Моңғолиядағы қоғамдық денсаулық сақтау маманы Рысбек Масғұтұлы Tengrinews.kz тілшісіне елдің коронавирустан қалай сақтанып жатқанын әңгімеледі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Бүгін Моңғолияда бірінші коронавирус жұқтыру дерегі тіркелгені хабарланған. Вирус жұқтырған Франция азаматы екен. Енді қазір моңғол халқы үрейлі. Моңғолиядағы қоғамдық денсаулық сақтау маманы Рысбек Масғұтұлы Tengrinews.kz тілшісіне елдің коронавирустан қалай сақтанып жатқанын әңгімеледі.

"Карантинге жатқандар арасында қазақ та бар" 

30 жастағы Рысбек Масғұтұлы Моңғолияның қазақтар топтасқан Баян Өлгей қаласында дүниеге келген. Алдымен "Қоғамдық денсаулық сақтау" мамандығы бойынша тәлім алған. Кейін магистратураны Қытайда "Халықаралық бизнес" мамандығы бойынша оқыған. Қазір Ayam tour компаниясының бас директоры. Қытайда жұмыс істейтін ол қазір коронавирусқа байланысты 1,5 ай бұрын Моңғолияға оралған. Қазір туған жері Баян Өлгей қаласында тұрып жатыр екен.

"Моңғолияда коронавирус жұқтырған адамды түнгі сағат 2-де анықтады. Дәрігерлер сынама алған, соның нәтижесінде коронавирус жұқтырды деген диагноз қойылды. Коронавирус жұқтырған - Франция азаматы, Моңғолияда тұрады, осында тұрақты жұмыс істейді. Ол Францияға барып қайтқан, сонда коронавирус тараған қалаға да барған. 2 наурызда Мәскеу арқылы ресейлік ұшақпен Ұлан-Батырға келген. Ал одан коронавирус 9 наурызда анықталды", - дейді Рысбек.

Моңғолияда тұратын қазақтың айтуынша, қазір Франция азаматы карантинге жатқызылған.

"Французбен бірге Мәскеуден бірнеше адам келген. Солардың арасында Баян өлгейде тұратын қазақ кісі болған. Ол қазір Баян Өлгейде карантинге жатқызылды. Қазір жағдайы жақсы", - дейді Масғұтұлы.

"Французбен байланыста болған 500 адам анықталды"

Франция азаматы Ұлан-батырға жеткен соң алты күн бойы жұмыс істеген, қонақүйлерге, мейрамханаларға барған екен.

"Басқа да қалаларға барып, жиналыс өткізген. Сол кезде ыстығы көтеріліп, ауруханаға жатқызылған. Ұлан-Батырға келген соң алты күн бойы көп жерге барып үлгерген. Қазір онымен байланыста болған 500 адам анықталды. Қазір олардың бәрі карантинге жатқызылып жатыр", - дейді Рысбек.

Моңғолияға Франция азаматымен бірге барған басқа да мамандар бар екен.

"Франция азаматымен бірге ресейлік ұшақпен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымында жұмыс істейтін тағы бес неміс азаматы келген. Олар моңғолиялық дәрігерлерге жиналыс өткізген. Қазір вирус тарап кетпеуі үшін зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр", - дейді ол.

"Қалалар жабылды, мектеп те жұмыс істемейді"

Оның айтуынша, жолдар жабылып, қалаларға кіріп-шығуға шектеу қойылып жатыр.

"Моңғолияда төтенше жағдай жарияланып отыр. Барлық аймаққа шектеу қойылды, бүгінгі таңғы 6-дан бастап 16 наурызға дейін барлық қалада кіріп-шығу тоқтатылды. Ішкі рейстердегі ұшақтар, автобустар, пойыздар тоқтады", - дейді моңғолиялық қазақ. 

Ол қазір елде сабақ тоқтатылғанын айтты. 

"Моңғолияда мектептердің, университеттердің жұмыс істемей тұрғанына екі айдай уақыт болды. Негізі, 31 наурызға дейін сабақ өткізбеу, көпшілік жиналатын шара жасамау туралы қаулы шыққан. Енді бізде коронавирус табылғандықтан, бұл қаулы мерзімі ұзаққа созылатын шығар", - дейді Масғұтұлы.

Халық билікті сынға алған

Моңғолияда тұратын қазақтың айтуынша, жергілікті халық билікті сынға алып жатыр.

"Франция азаматы вирус жұқтырған соң Моңғолия халқы оған қарсы шығып жатыр. Себебі ол коронавирус тараған Францияға барғанын біле тұра, Моңғолияға келіп, өзіне ешқандай шектеу жасамаған. Моңғол халқына ол үлкен қауіп төндірді. Енді моңғол жұрты сол французды заң бойынша жауапқа тарту керек деп жатыр.

Сондай-ақ, жұрт елдің төтенше жағдайлар комиссиясын да сынға алды. Себебі вирус анықталған елдерден халықаралық рейстер тоқтатылмады. Францияға барып, Мәскеу арқылы келген сол азаматты да тексермеген. Осындай сын айтылып жатыр. Үкімет тұрғындарға үйден шықпауға кеңес берді. Қазір барлық жол жабылды", - дейді Рысбек.

Сонымен қатар, қазір тұрғындар жаппай азық-түлік сатып алып жатыр екен.

"Қазір халық коронавирустан қауіптеніп, базарлардан көптеп азық-түлік сатып алып жатыр. Олардың суреттері желіде тарады. Яғни, халық қазір үрейлі деген сөз. Себебі бізде медицина керемет дамып кеткен жоқ. Қазір Моңғолияда әлеуметтік желілерде коронавирус туралы жалған ақпараттар тарап жатыр. Осының бәрі үрей тудырады", - дейді Рысбек Масғұтұлы.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer