ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
27 июля 2020 | 17:47

"Кастрациядан өлім жазасына дейін". Әлем елдері педофилдермен қалай күреседі?

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Балаларға қатысты зорлық-зомбылық әрекеттері мәселесі кез келген елде өзекті болып тұр. Әр елде педофилдермен түрлі жолмен күреседі. Бірі химиялық кастрация, енді бірі өлім жазасын тағайындайды. Қазақстанда сексуалды сипаттағы зорлау ауыр қылмыстар санатына жатады. 14 жасқа толмаған баланы зорлағандар 20 жылдан аса уақытқа не өмір бойына бас бостандығынан айырылады. Tengrinews.kz тілшісі педофилдерге тағайындалатын ауыр жаза түрлеріне шолу жасады.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Балаларға қатысты зорлық-зомбылық әрекеттері мәселесі кез келген елде өзекті болып тұр. Әр елде педофилдермен түрлі жолмен күреседі. Бірі химиялық кастрация, енді бірі өлім жазасын тағайындайды. Қазақстанда сексуалды сипаттағы зорлау ауыр қылмыстар санатына жатады. 14 жасқа толмаған баланы зорлағандар 20 жылдан аса уақытқа не өмір бойына бас бостандығынан айырылады. Tengrinews.kz тілшісі педофилдерге тағайындалатын ауыр жаза түрлеріне шолу жасады.

Германия

Германияда, түрлі дерек бойынша, шамамен 50-250 мың педофил бар. Мұндай деректі DW басылымы келтірген. Жыл сайын 15 мыңдай бала зорлық құрбаны болады. Алайда бұл полицияға түскен шағым бойынша ғана деректер. Елде жыныстық қатынас бойынша зорлық көрсеткендер 6 ай мен 10 жыл аралығына бас бостандығынан айырылады.

Германияда зорлық көрген құрбан қайтыс болған жағдайда, ең қатаң жазалау шарасы, яғни, өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалады. Мәселе дені сау емес педофилдерге қатысты болса, неміс соты олардың жазасын өтеу мерзімі өткеннен кейін де қамауда қалдыру туралы шешім қабылдайтын көрінеді: біреуді бес жылға, енді біреуін 10 жылға немесе өмір бойына бас бостандығынан айырады. Бұлардың ішіндегі ең жиі қолданылатыны - соңғысы.

Одан бөлек, Германия - 1969 жылдан бері сексуалдық сипаттағы зорлық көрсеткендерге ерікті түрде химиялық кастрация салатын еуропалық елдердің бірі. Ол ауыр аурулары және психикалық ауытқулары барларға тағайындалады. Операция жасаудағы басты шарт: науқастың жасы 25-тен асуы керек, сондай-ақ, кастрация моралдық және физикалық зақым келтірмейтініне кепілдік болуы қажет екен.

Көрнекі сурет © Reuters

АҚШ

АҚШ-та педофилияға қарсы инъекцияны емдеу мақсатында қолданған дәрігер Джон Мони (John Money). Ол 1966 жылы medroxyprogesterone acetate препаратын педофилиялық ауытқулары бар науқасты емдеу үшін қолданған. Ал химиялық кастрация жаза ретінде 1996 жылы Калифорния штатында қолданылған. Аталған штаттың заңына сәйкес, екінші рет 13 жасқа дейінгі баланы зорлаған адамға түрмеден шыққаннан кейін химиялық кастрация жасалады. Бұл заң 1997 жылы Флорида штатында қабылданған екен.

Голос Америки мәліметінше, АҚШ-та химиялық кастрациядан бөлек педофилдерге қатысты басқа да жаза қарастырылған: қылмыскер түрмеден шыққаннан кейін олар тұрғылықты жері бойынша тіркеуге тұрады, ал мекен жайы мен суреттері ұлттық мәліметтер базасында сақталады. АҚШ-тың 14 штатында педофилдерге мектеп, мектеп аялдамасы, бала бақша мен алаңқайлардың маңында жүруге тыйым салынған.

Үндістан

ВВС мәліметінше, статистика бойынша, Үндістанда әр 15 минут сайын кем дегенде бір бала сексуалдық зорлық көреді. Ал шын мәнінде бұл сан одан да көп болуы мүмкін екен. Елде 12 жастан кіші балаларды зорлағандар өлім жазасына кесіледі. Үкімет қабылдаған бұл шешім 2018 жылдың 21 сәуірінен бастап қолданысқа енген.

Аталған шешімді ел билігі 2018 жылы болған ірі оқиғадан кейін қабылдаған. Джамма және Кашмир штатында сегіз жастағы қызды сегіз адам зорлаған. Бұл оқиға қоғам арасында наразылық тудырып, қызу талқыға түскен. Қайғылы оқиға былай болған: 2018 жылы Жаңа жыл қарсаңында сегіз жасар қыз жоғалып кетеді. Баланың сау тамтығы қалмаған мәйіті үш аптадан кейін табылған. Тергеушілер қыз бала жергілікті шіркеуде болғанын, оған есінен тануы үшін ұйықтататын дәрі берілгенін айтқан. Жәбірленушіні бірнеше күн қинап, артынша ол қайтыс болған. Айыпталушылардың үшеуі өмір бойы бас бостандығынан айырылса, үш полицей айғақтарды жасырып қалғаны үшін бес жылға сотталған.

© Reuters

Одан бөлек, 2012 жылы Махарашта штатында екі жасар қызды ұрлап, зорлаған ер адам былтыр өлім жазасына кесілген. РИА Новости мәліметінше, ол екі жасар қызға бес сағат бойы зорлық әрекеттерін көрсеткен.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer