КРУШЕНИЕ САМОЛЕТА БЛИЗ АКТАУ: ХРОНИКА АВИАКАТАСТРОФЫ
05 января 2020 | 16:08

"Кегіміз қорқынышты болады". Иран неге АҚШ-қа тіс қайрап отыр?

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Reuters © Reuters

Соңғы бір аптада АҚШ пен Ирак арасындағы әскери қақтығыс салдарынан бірнеше адам қаза тапты. Олардың саны әлі де артуы мүмкін. Себебі АҚШ-тың соңғы шабуылынан кейін қақтығысқа Иран араласып, генералының өлімі үшін кек қайтармақ. Оның үстіне бүгін Бағдаттың орталығына зымыранмен тағы шабуыл жасалды. Tengrinews.kz тілшісі АҚШ пен Ирак арасындағы қақтығыс туралы толығырақ баяндайды.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Соңғы бір аптада АҚШ пен Ирак арасындағы әскери қақтығыс салдарынан бірнеше адам қаза тапты. Олардың саны әлі де артуы мүмкін. Себебі АҚШ-тың соңғы шабуылынан кейін қақтығысқа Иран араласып, генералының өлімі үшін кек қайтармақ. Оның үстіне бүгін Бағдаттың орталығына зымыранмен тағы шабуыл жасалды. Tengrinews.kz тілшісі АҚШ пен Ирак арасындағы қақтығыс туралы толығырақ баяндайды.

АҚШ шейіттер қозғалысының 25 мүшесін өлтірген 

30 желтоқсанда АҚШ Ирак пен Сирия аймағындағы "Катаиб Хезболлах" қозғалысының бес нысанына әуеден шабуыл жасаған. Шабуыл салдарынан шейіттер қозғалысының 25 мүшесі қаза тапқан болатын.

Вашингтон бұл қадамды "Ирак базаларына, Киркук түбіндегі шабуылдарға жауап" екенін айтқан. Содырлардың шабуылдарынан АҚШ азаматы қаза болып, америкалық төрт сарбаз жарақат алған еді.

Пентагонның пікірінше, 30 желтоқсанда әуеден жасалған соққылар "Катаиб Хезболлах" қозғалысының болашақтағы шабуылдар мүмкіндігін төмендеді. АҚШ Иранды осы қозғалысқа демеуші болып отыр деп айыптады.

АҚШ елшілігін жаулап алу әрекеті 

АҚШ-тың шабуылы екі ел арасындағы қақтығыстың саябырлысуына әкелген жоқ. 31 желтоқсанда әуе шабуылынан қаза тапқандарды жерлегеннен кейін "әль-Хашд аш-Шааби" шейіттер жасағының мүшелері АҚШ-тың Бағдаттағы елшілігін жаулап алуға тырысты. Alsumaria телеарнасының мәліметінше, митингіге шыққандар антиамерикалық ұрандап айтып, елшілік ғимаратына тас лақтырған, қоршауын өртеген.

Associated Press ақпараты бойынша, онға жуық адам елшілік аймағына өтіп кеткен. Бірақ америкалық әскерилер көзден жас ағызатын газбен қорғанған. Елшілікте жұмыс істейтіндер толық эвакуацияланып, елден кетіп қалған.


АҚШ-тың Ирактағы елшілігіне шабуыл. © Reuters

Бағдаттағы митингінің видеосын алғашқылардың бірі болып журналист Бабак Тагвей Twitter желісіндегі парақшасында жариялады. Кадрдан ғимараттағы америкалық жасақ пен Ирак әскери қызметкерлерін, оларға қарсы митингіге шыққан топ пен елшілік алдындағы өртті көруге болады.

АҚШ президенті Дональд Трамп Twitter-парақшасында митингіне қатысты пікір білдірген. Оның айтуынша, "Ирактағы елшілікке шабуылды Иран ұйымдастырған. Сондықтан бұл ел осы акция үшін "толығымен жауапқа тартылады". АҚШ басшысы елшілікті қорғауға Ирак әскері көмектеседі деп сенетінін жеткізген.

1 қаңтарда елшілік жұмысын уақытша тоқтатқанын хабарлады.

2 нысанға үш зымыран түскен 

Осы шабуылдан кейін АҚШ-тың жауабы көп күттірмеді. 3 қаңтарда Ирак астанасы Бағдаттағы халықаралық әуежай маңында бірнеше зымыран жарылды. АҚШ Бағдаттың екі нысанына үш зымыран жіберген.

"Ас-Сумария" телеарнасының мәліметіне сүйенсек, жарылыс салдарынан Ирактың 12 әскери қызметкері жараланған. Бір зымыран бейбіт тұрғынның көлігіне түсіп, жүргізушісі қаза тапқан екен.


© Reuters

Бүгінге дейін белгілі болғаны, АҚШ-тың әуеден жасаған шабуылынан 10 адам қаза тапқан. Олардың ішінде Иран генералы Касем Сулемани, Ирак шейіт жасағы басшысының орынбасары Абу Махди әл-Мухандис және Ислам революциясы күзеті корпусының төрт офицері болған.

Бағдатқа зымыран жіберуге Дональд Трамптың өзі бұйрық берген. Пентагон шабуылдың жоспарланғанын мәлімдеді, операция Касем Сулеманидің көзін жою үшін жасалған екен. Америкалық тарап Сулеманиді Бағдаттағы елшілікке шабуылды ұйымдастырды деп айыптады. ВВС мәліметінше, Сулемани Иран үшін маңызды тұлға болатын.

Оған қоса, Пентагон бұл шабуылдың Ирактағы АҚШ қызметкерлерін қорғау үшін де жасалғанын айтты.

Касем Сулеймани - кім?


Касем Сулемани. © Reuters

Касем Сулеймани - ирандық әскери қызметкер, генерал-майор. Ираннан шет елдердегі арнайы операцияларды өткізуге арналған "Әл-Кудс" бөлімінің қолбасшысы. "Әл-Кудс" Сулейманидің басшылығымен Палестина мен Ливандағы шейіт жасақтарына әскери қолдау көрсеткен. Сондай-ақ америкалық әскер кеткен соң Ирактағы саяси жағдайды қалыптастыруда маңызды рөл атқарған. 

2012 жылдан бері Сулеймани Сирия президенті Башар Асадтың үкіметіне елдегі азаматтық соғыс кезінде қолдау көрсетіп келген. 

Генералды Иранның әскери бастамаларына жауап беретін басты стратег деп санаған. Ол Ираннан бөлек, Сирия, Ливан, Ирак пен Йеменде абыройлы болатын. 

Иран кек алуға уәде берді 

Енді Иран өз генералының өлімі үшін АҚШ-тан кек алуға уәде беріп отыр. Мұндай уәдені Ислам революциясы күзеті корпусының бас қолбасшысы Мохсен Резаи берді.

"Азаппен қаза тапқан Касем Сулеймани өз бауырларына аттанды, АҚШ-тан аяусыз кек аламыз", - деп жазды Резаи Twitter желісіндегі парақшасында.

Иранның жоғары басшысы Али Хаменеи де Сулейманидің өлімі үшін АҚШ-тан алатын кектері қорқынышты болатынын айтты. Генералдың өлімінен кейін ол елде үш күн аза тұту күнін жариялаған.


Касем Сулемани. © Reuters

Ирандық тараптың бұл шабуылына Вашингтон дайын. Бұл туралы Трамп Twitter-парақшасында жазған. Ол Иранның 52 нысанына зымыран жіберуге дайын екенін мәлімдеді. Бұл нысандардың Иран үшін өте маңызды екенін де баса айтты.

Айта кетейік, Трамптың 52 нысан деп 40 жыл бұрынғы оқиғаға ұқсайды. 1979 жылы ирандық студенттер АҚШ-тың Тегерандағы елшілігіне шабуыл жасап, 52 америкалықты екі күн бойы тұтқында ұстаған еді.

3 қаңтарда Иранның кегінен сақтанған АҚШ Таяу Шығысқа 3,5 мың сарбазын жіберген. 

Бағдатқа жасалған тағы бір шабуыл

Ал бүгін Бағдаттың орталығында - басқа елдердің өкілдері орналасқан жерде тағы бір жарылыс болды. 

Ирак қауіпсіздік органындағы дереккөздің айтуынша, зардап шеккендер жайлы мәлімет жоқ. 

Сонымен қатар, Бағдаттың солтүстігінде америкалық әскерилер пайдаланған "Балад" әскери-әуе базасына да шабуыл жасалды. БАҚ мәліметінше, база аймағында "Катюшаға" ұқсас екі зымыран жарылған. 

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 515.11  course up  535.94  course up  5.16  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer