ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
23 апреля 2019 | 14:05

Кинодағы образының жетістігін қайталаған Зеленский

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Украинаның ең танымал "Слуга народа" атты сериалының басты рөлінде ойнаған Владимир Зеленский өз образының жетістігін қайталады. Ұлттық exit poll қорытындысы бойынша, 73,2 пайызбен жеңіске жеткен шоумен - украиналықтардың мұндай зор сеніміне ие болған тұңғыш президент.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Украинаның ең танымал "Слуга народа" атты сериалының басты рөлінде ойнаған Владимир Зеленский өз образының жетістігін қайталады. Ұлттық exit poll қорытындысы бойынша, 73,2 пайызбен жеңіске жеткен шоумен - украиналықтардың мұндай зор сеніміне ие болған тұңғыш президент.

Зеленский деген кім? Еңбек жолы қандай және қалайша саяси аренада көш бастады? Tengri TV журналистері жаңа лидермен таныстырады.

Владимир Зеленский 1978 жылы 25 қаңтарда Украина Кривой Рог қаласында еврей отбасында дүниеге келген. Орыс, украин және ағылшын тілдерін жетік меңгерген. 

Болашақ президенттің әкесі Александр Зеленский - математик, программист, техника ғылымдарының докторы. 20 жыл уақыт Моңғолияда жұмыс істеген. Ал шешесі Римма Зеленская 40 жыл инженер болған. 

Балалық шағының төрт жылын Моңғолияда өткізген бала Владимир бірінші сыныпты осында аяқтайды. Кейін отбасы Кривой Рогқа оралады. Осы кезде Зеленский ағылшын тілін терең меңгере бастайды. Грек-рим күресі, ауыр атлетикамен айналысқан ол өнерде де қалыс қалмайды. Пианинода ойнап, балетпен де, баскетболмен және волейболмен де айналысқан. Жан-жақты дамыған ол мектеп ансамблінде гитарада да ойнайды. 16 жасында Израильге тегін оқуға жолдама алған оны ақыры әкесі жібермей қояды.  

Осылайша мектепті 1995 жылы тәмамдаған оның аттестатында екі ғана төрттік баға болады.

Актер әрі шоумен болуына КВН-дегі қадамы себеп. Бастапқыда командада би нөмірлерін қоюға шақыртылған ол уақыт өте келе рөлі кеңейе түседі. Ал 1997 жылғы маусымда командасы чемпион болған ол "95-ші квартал" деп аталатын жаңа команда құрады. Мұнда ол актер, капитан болып қана қоймай, жетекші авторы да болады. 

Ал 90-жылдардың соңынан бастап Зеленский командасымен бірге Мәскеуде тұрып, КВН жоғары лигасында бірнеше рет жеңімпаз болады. Алайда 2003 жылы ол КВН-нен кетіп, командасымен бөлек жоба ашады. 

Осыдан халық жадында сақтала бастаған Зеленский түрлі телеарнадан ұсыныс алып, концерттер қоя бастайды. Елінде танымал болғаны соншалық, тіпті КВН мен Comedy Club рейтингінен де жоғары көрсеткішке жетеді. 

Осылайша елінің сүйіктісіне айналған шоумен 2015 жылы кейін образының тағдырын қайталайтын жобаға шақырту алады. Бұл - орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі Василий Голобородьконың президент болғанға дейінгі өмірі жайлы "Слуга народа" телевизиялық сериалы еді. 

Мұғалім айналасындағы қайнаған тіршілікке төзбей, ойындағы бар наразылығы мен қарсылығын ашық айтып салады. Мұғалімінің бұл тебірентерлік жанайқайын оқушыларының бірі ұялы телефонына түсіріп алып, Интернетке таратып жібереді, міне, осы видео миллиондаған қаралым жинап, халық оны нағыз қаһарман деп таниды. Оқушыларының үгіттеуімен қарапайым мұғалім президенттікке үміткер болады. Сөйтіп, шырылдаған шындықты әзілмен бере білген ол ел басқаруға көшеді.

24 сериядан тұратын бірінші маусымының премьерасы 2015 жылы шыққан сериалдың екі жылдан кейін екінші маусымы шығып, телевизия рейтингінде рекорд жаңартады, ал биылғы наурызда үшінші маусымының бірінші сериясы шыққан еді.

Ал шын өмірдегі Зеленский өзінің саяси көзқарасын Украинадағы майдан кезінде ашық көрсете бастады. Митингке шыққандарды қолдап, олардың алдында өнер көрсеткен еді. Ал Донецк облысында болған әскери қақтығыс кезінде Зеленскийдің украиналық әскерге қолдау көрсетіп, оларға бір миллион гривен бергені де хабарланған. 

Зеленский президенттік сайлауға түсетінін ресми түрде 31 желтоқсанда дәл Жаңа жыл қарсаңында айтқан. "1+1" телеарнасы әртістің ресми хабарламасын көрсету үшін сол кездегі президент Порошенконың жаңажылдық құттықтауын кейінге ысырып тастаған.

Шоуменнің президенттік сайлауға түсуін Украина халқы әр түрлі қабылдады. Бірі "саясаттағы жаңа тыныс" деп санаса, кейбірі украиналық олигарх Игорь Коломойскийдің "қуыршағы" деп ойлайды. Бірақ Зеленский олигархпен тек іскерлік қарым-қатынаста екенін айтады.

Шоуменнің өзі президент сайлауына түсуіне елдегі саяси ахуал себеп дейді. Елдің қазіргі президенті Петр Порошенкомен өткізген дебаттарындағы сөзі әлеуметтік желілерде де өтімді әрі көпшіліктің қолдауына ие. 

Әсіресе, мына сөзі Желіде қызу талқыланып жатыр:

"Я обещаю, что никогда не подведу вас всех вас. И напоследок, пока я официально не президент, я могу сказать как гражданин Украины всем странам постсоветского союза: посмотрите на нас - все возможно".

Өз кезегінде exit poll қорытындысына қатысты пікір білдірген ол мінберге "Слуга народа" фильміндегі әуенмен шықты. 

Айта кетейік, күні кеше Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Зеленскийді Украина президенті сайлауындағы жеңісімен құттықтап, оның сайлаудағы нәтижесін "айқын жеңіс" деп атаған болатын. 

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer