ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
03 февраля 2020 | 15:34

Коронавирус таралғанына бір ай өтті. Бүгінге дейін не білу керек?

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
©REUTERS ©REUTERS

Осымен бір ай бойы Қытайда қауіпті індет тарап, жүздеген адамның қайтыс болғаны хабарланып жатыр. Соңғы деректер бойынша, коронавирустан 361 адам қайтыс болып, 17 205 адам вирус жұқтырған. Ғалымдар бұл вирусқа қарсы вакцина да ойлап тапты. Алайда оны дайындауға ұзақ уақыт қажет. Әлемдік деңгейдегі төтенше жағдай болып танылған бұл вирус жайлы бүгінге дейін не белгілі? Қауіпті індетке қарсы қандай шаралар қабылданып жатыр? Одан қорғану мүмкін бе? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісінің материалында.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Осымен бір ай бойы Қытайда қауіпті індет тарап, жүздеген адамның қайтыс болғаны хабарланып жатыр. Соңғы деректер бойынша, коронавирустан 361 адам қайтыс болып, 17 205 адам вирус жұқтырған. Ғалымдар бұл вирусқа қарсы вакцина да ойлап тапты. Алайда оны дайындауға ұзақ уақыт қажет. Әлемдік деңгейдегі төтенше жағдай болып танылған бұл вирус жайлы бүгінге дейін не белгілі? Қауіпті індетке қарсы қандай шаралар қабылданып жатыр? Одан қорғану мүмкін бе? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісінің материалында.

Қытай билігі 2019 жылы 31 желтоқсанда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына Ухан қаласында белгісіз вирустың тарай бастағанын хабарлаған болатын. Мамандар Ухан қаласындағы теңіз өнімдері базарынан алынған сынамаларды зерттеп, вирустың қайнаркөзі сол базарда сатылған жабайы жануарлар болғанын анықтаған еді.

Кейінірек Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайдағы коронавирусты әлемдік деңгейдегі төтенше жағдай деп атады. Сондай-ақ, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бұл вирусты уақытша "2019-nCoV" деп атауды ұсынған болатын.


Микроскоптан көрсетілген 2019-nCoV. © chinacdc.cn

South China Morning Post мәліметінше, бүгінде қауіпті індет әлемнің 23 елінде тарады. Ол елдердің қатарында АҚШ, Гонконг, Ресей, Финляндия, Үндістан, Тайланд, Филиппиндер, Корея, БАӘ, Малайзия, Канада, Франция елдері бар.

Қауіпті індет Қытайдың 11 миллион тұрғыны бар Ухан қаласынан анықталғаннан кейін 23 қаңтарда жергілікті билік өкілдері ухандықтарға қаладан шығуға уақытша тыйым салған болатын. Елдегі жағдайға байланысты әуе рейстері, автобус және пойыз бағыттары уақытша тоқтатылды. Халықаралық автобус қозғалысы да тоқтатылып, қалаға келген жолаушылар Ухан теміржолдары мен әуежайларында тексерістен өтіп бірақ кірген еді.

Ал 24 қаңтарда қытайлықтар жалпы көлемі 25 мың шаршы метр аурухана құрылысын бастап кетті. Жергілікті билік құрылыс жұмыстары кеше, 2 ақпанда аяқталды. Құрылысқа ондаған техника жұмылдырылған. Аурухана бір уақытта 1000 науқасты қабылдауға арналған деп жоспарланған.

"Жарқанат сорпасы немесе жылан". Мамандар коронавирустың неден жұғатынын атады

Осыдан бір апта бұрын, South China Morning Post мәліметінше, Гонконг ғалымдары коронавирусқа қарсы вакцина ойлап тапты.

"Біз вирусқа қарсы вакцина ойлап таптық, бірақ оны сынамадан өткізу үшін біраз уақыт керек", - деген еді Гонконг университетінің профессоры Юэн Квок-Юнг.

Профессордың сөзіне қарағанда, жануарларға жүргізілетін сынама бірнеше айға, ал адамдарға жүргізілетін клиникалық сынама үшін бір жылдай уақыт керек.


© REUTERS

Ал бүгін Қазақстанның коронавирусты анықтайтын арнайы препараттар алғаны хабарланды. Ақпанның 1-2 күндері 2019-nCoV вирусын анықтау үшін ресейлік тест-жүйелердің қажетті мөлшері Қазақстанға, Арменияға, Беларусь пен Өзбекстанға берілгені айтылады.

30 қаңтарда премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев үкіметтің коронавирус инфекциясынан қорғауға қосымша құралдар сатып алуға ақша бөлуді бұйыратын жарлығы дайын екенін мәлімдеген еді.

Сапарбаев қосымша дәрі-дәрмектерді сатып алуға бұйрық бергенін айтқан болатын.

"Бұл маскалар және басқа да қажет заттар. Премьер-министр Жарлыққа қол қойды. Үкімет резервінен қосымша 1,5 миллиард теңге бөлінді. Сонымен қатар, бөлек қор бар. Егер дерт қарқын алып, медициналық көмекке мұқтаждар болса, онда бізде барлық мүмкіндік те, ақша да бар", - деген еді Сапарбаев.

© РИА Новости

Таяуда денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов елімізде коронавирус сараптамалары қалай жүргізілетінін айтып берген болатын. Министрдің айтуынша, барлық процедура Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының талаптары бойынша жүргізіледі.

"Тыныс алу жолдарынан, қақырық, жөтел кезінде бронхтан бөлінетін зат, сондай-ақ қан сарысуы сараптамаға алынады. Сарапшылар пациенттен алынған сынаманы зертханалық тестілеуден өткізіп, коронавирустың РНҚ-сын тексереді, бұл короновирус инфекциясын анықтауға мүмкіндік береді. Барлық процедура CDC/ДДСҰ хаттамасына сәйкес диагностикалық жүйе бойынша орындалады.

Науқастардың теріс және оң сынамалары Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау Ұлттық орталығының вирус инфекцияларын бақылау жөніндегі ДДСҰ аккредиттелген зертханасының базасында қайта тексеруден өтеді", - деген еді Біртанов.

Диагностиканың соңғы сатысы ретінде сынама ДДСҰ ынтымақтасқан зертханасына қайта жіберіледі дейді.

Министрдің айтуынша, бүгінде коронавирусқа қарсы 100 сынама зерттелді, нәтижесінде вирус жұқтырған адам анықталған жоқ.

Індеттің таралуына жол бермеу мақсатында қандай шаралар қабылданды?

Індеттің таралуына жол бермеу үшін қандай шаралар қабылданып жатқанына тоқталсақ, 1 ақпаннан бастап Қазақстан мен Қытай арасындағы жолаушылар пойыздары жүрмейді. Сондай-ақ, Қытайдың Ухань қаласында коронавирусқа байланысты карантин жарияланғаны хабарланған болатын. Қазақстан арнайы әуе рейсімен 83 қазақстандық пен 23 шетелдікті елге жеткізді. Арасында Қырғызстан, Армения және Беларусь азаматтары бар. 

Шығыс Қазақстан облысы мен ҚХР Шыңжаң-Ұйғыр автономиясы арасындағы шекара жабылды. Кеден бекеттеріндегі бақылау күшейтілген. Одан бөлек, Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі cаll-орталық нөмірін жариялады. Яғни, кез келген қазақстандық 1406 және +7 717 2 76 80 43 нөмірлеріне хабарласып аспан асты елінде тараған қауіпті вирус туралы ақпарат ала алады. "Қорғас" шекара маңы ынтымақтастық халықаралық орталығы да 15 ақпанға дейін жабылды. Ал Қытайда Жаңа жылды тойлауға байланысты мемлекеттік шекараның Қазақстан-Қытай шекарасының кейбір өткізу пункттері уақытша жабылды.

© REUTERS

Сондай-ақ, осыдан 2-3 күн бұрын министр Елжан Біртанов Қытайдан және іргелес мемлекеттерден келген қазақстандықтардан дәрігермен байланысып, емханаға қаралуды сұраған болатын.

"Соңғы 14 күнде Қытай Халық Республикасынан және соған іргелес мемлекеттерден келген қазақстандықтарға өзінің емханасына келіп не хабарласып, қандай да бір ауруға шалдыққан болса өз дәрігеріне тіркеуге тұру керегін айтқым келеді. Бұл сіздердің қауіпсіздіктеріңіз үшін жасап отырған шара, біздің медициналық мамандар бақылау жүргізуі үшін. Денсаулық нашарлаған жағдайда, біз шара қолданып, сізді және отбасыңыздың мүшелерін қауіпсіз етуіміз керек. Біз сіздерге әрдайым хабарласа бере алмаймыз", - деген еді Біртанов.

Сарапшылардың болжамына сенсек, көрші елдегі қауіпті індет Қазақстан экономикасына әсер етуі мүмкін.

Экономист Олжас Құдайберген Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында бұл вирустың Қытай экономикасын әлсірететінін айтты.

"Қытайда жағдайдың ушығуына байланысты мұнай бағасы төмендеуі мүмкін. Әрине, мұнайдың бағасы түссе, оның Қазақстан экономикасына кері әсер ететіні сөзсіз. Дегенмен бұл проблема 1-2 айда шешіліп қалады деп ойлаймын. Онда медицина деңгейі жоғары, мұндай эпидемияны жеңе алады", - дейді экономист.

Сарапшының айтуынша, Қытайдан әкелінетін тауар тасымалы тек уақытша тоқтайды. Бұл отандық саудаға оң әсерін тигізеді. Дегенмен бұл уақытша ғана дейді ол.

Ал ең басты қатер - мұнай арзандап, Қазақстан экономикасына залал келтіруі мүмкін екен.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer