ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
07 сентября 2020 | 17:31

Коронавирус: Тізімде Қазақстан қай елдермен қатар тұр?

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Reuters © Reuters

Қазақстанда коронавирус әлсіреп келеді. Бүгінде елде 106 361 адам COVID-19 жұқтырған. Оның ішінде 99 654 науқас аурудан жазылған. Ал 1588 адам қайтыс болған. Қазақстан вирус жұқтырғандар саны бойынша дүние жүзінде 30-орында тұр. Бұл тізімде Қазақстанмен қандай елдер қатар тұр? Tengrinews.kz тілшісі шолу жасады.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда коронавирус әлсіреп келеді. Бүгінде елде 106 361 адам COVID-19 жұқтырған. Оның ішінде 99 654 науқас аурудан жазылған. Ал 1588 адам қайтыс болған. Қазақстан вирус жұқтырғандар саны бойынша дүние жүзінде 30-орында тұр. Бұл тізімде Қазақстанмен қандай елдер қатар тұр? Tengrinews.kz тілшісі шолу жасады.

Катар

Дүние жүзінде коронавирус жұқтырғандар тізімінде Катар 28-орында тұр. Бұл елде 120 096 адамнан COVID-19 анықталған. Соңғы бір тәулікте 231 адамнан коронавирус табылған.

Елде коронавирус Қазақстанға қарағанда екі апта ерте табылған. Катарда коронавирустың өршіген кезі деп мамырды айтуға болады. Көктемнің соңғы айында елде күн сайын 1600-1800 адамнан коронавирус анықталып отырған. Бұл көрсеткіш бойынша антирекорд 30 мамырда тіркелген. Бұл күні елде 2355 адамнан COVID-19 анықталған. Ал соңғы уақытта күн сайын коронавирус жұқтырғандар қатарына 200-ден аса адам қосылып отырады.


© Reuters 

2,7 миллион азаматы бар Катар үшін жаман көрсеткіш саналады. Бірақ елдің медицинасы коронавируспен жақсы күресе алған. Бүгінге дейін коронавирус жұқтырғандардың 117 мыңға жуығы аурудан жазылған.

Елде коронавирустан қайтыс болғандар саны да аз. Орташа есеппен Катарда күн сайын бір-екі адам COVID-19-дан көз жұмады. Пандемия басталғалы елде 203 адам қайтыс болған.

Қазіргі уақытта Катарда 2894 адам әлі коронавируспен күресіп жатыр, қалғаны жазылып кеткен.

Эквадор

Эквадор коронавирус жұқтырғандар тізімінде 29-орында. Елдің халық саны да, вирус жұқтырғандар саны да бізге жақын. 17 миллион тұрғыны бар Эквадорда 118 045 адамнан COVID-19 табылған.

Оңтүстік Америка елінде де коронавирус әлі әлсіремей тұр. Бірақ ол одан сайын өршіп бара жатыр деуге де келмейді. Эквадорда күн сайын вирус жұқтырғандар саны әртүрлі болады. Мысалы, елде 26 тамызда 1519 адам COVID-19 жұқтырған. Ал келесі күні 670 адамнан вирус табылған. 31 тамызда 119 адамнан анықталған. Күздің алғашқы күндерінде де Эквадорда 800-900 адам вирус жұқтырып келеді.


© Reuters 

Бұл елде вирус алғаш рет 29 ақпанда табылғаны хабарланған. Ал коронавирус ең қатты өршіген кез деп сәуірді айтуға болады. Бұл айдың кей күнінде 2 мыңнан аса адамнан коронавирус табылған. Ал 24 сәуірде Эквадорда бірден 11 536 адамнан COVID-19 анықталған.

Бүгінде елде102 304 адам аурудан жазылған. Бірақ бұл елде коронавирустан адам өлімі деңгейі жоғары. Сәуірде Эквадорда вирустан қайтыс болғандар саны көп болғаны соншалық, жерлеу бюролары босамай, көп мәйіт далада жатқан. Бүгінде елде 6724 адам коронавирустан көз жұмған.

Мысыр

Мысыр дүние жүзінде коронавирус жұқтырғандар тізімінде Қазақстаннан кейінгі орында тұр. Африкалық елде вирус жұқтырғандар саны 100 мыңға жетпеген. Бүгінге дейін 99 863 адамнан COVID-19 анықталған.

Өткен айлармен салыстырғанда Мысырда вирус деңгейі әлсіреп келеді деуге болады. Соңғы бір тәулікте 151 адамнан коронавирус табылған. Қыркүйектен бері вирус жұқтырғандар қатарына күн сайын 130-170 адам қосылып отырады.

Елде коронавирус алғаш рет 14 ақпанда табылған. Елде коронавирус жұқтырудың шегі мамырдың аяғында басталып, маусым бойы жалғасқан. Көктемнің аяғына қарай Мысырда тәулік сайын мыңнан аса адамнан коронавирус табыла бастады. Маусым бойы елде тәулік сайын 1500-1600 адам COVID-19 жұқтырған. Бұл көрсеткіш бойынша антирекорд 19 маусымда тіркелген. Бұл күні 1774 адамнан вирус анықталған.


© Reuters 

89 миллион халқы бар Мысыр билігі коронавирусты әлісірету үшін жұмыс істеп жатыр. Бүгінде вирус жұқтырғандардың 78 мыңнан астамы аурудан жазылған. Әлі 16 мыңнан астамы аурумен күресіп жатыр.

Мысырда күн сайын орташа есеппен 20 шақты адам қайтыс болады. Қазірге дейін коронавирустан 5530 адам көз жұмған.

Доминикан Республикасы

10 миллионнан аса халқы бар Доминикан Респубикасы дүние жүзінде коронавирус жұқтырғандар тізімінде 32-орында келеді. Елде 99 333 адамнан коронавирус табылған.

Жоғарыда аталған басқа елдерден басты айырмашылығы - Доминиканда коронавирус дәл қазір өршіп жатыр. Көктем мен жаздың басында елде күн сайын COVID-19 жұқтырғандар саны 300 бен 600 арасында болатын.


© Reuters

Шілдеден бастап елде вирус күн сайын мыңнан аса адамнан табылды. Мысалы, 26 шілдеде елде 2012 адамнан коронавирус анықталған. Қыркүйекке қарай елде вирус бәсеңдегендей көрінген. Бірақ 5 қыркүйекте Доминикан Республикасында 2147 адам вирус жұқтырған.

Елде 72 567 адам аурудан айыққан. 1845 адам қайтыс болған. Бүгінде әлі 25 мыңға жуық адам коронавирустан емделіп жатыр.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer