ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
28 июля 2021 | 14:59

Коронавирусты тоқтататын дәрі және антирекорд. Әлемдегі эпиджағдай

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: Reuters Фото: Reuters

ДДСҰ мәліметінше, дүние жүзінде "дельта" штамына байланысты коронавирустың үшінші толқыны басталуы мүмкін. Сондай-ақ жақында ұйым басшысы Тедрос Аданом Гебрейесус "дельта" штамына қарағанда қауіпті вирус пайда болуы мүмкін екенін айтқан болатын. Дүние жүзінің көптеген елінде, оның ішінде, Қазақстанда да вирус жұқтырғандар саны бойынша антирекорд тіркеліп жатыр. Біраз елде түрлі шектеу шарасы қабылданып жатыр. Әлем елдерінде пандемияға байланысты кейінгі күндердегі жағдай қандай? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі материал дайындады.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

ДДСҰ мәліметінше, дүние жүзінде "дельта" штамына байланысты коронавирустың үшінші толқыны басталуы мүмкін. Сондай-ақ жақында ұйым басшысы Тедрос Аданом Гебрейесус "дельта" штамына қарағанда қауіпті вирус пайда болуы мүмкін екенін айтқан болатын. Дүние жүзінің көптеген елінде, оның ішінде, Қазақстанда да вирус жұқтырғандар саны бойынша антирекорд тіркеліп жатыр. Біраз елде түрлі шектеу шарасы қабылданып жатыр. Әлем елдерінде пандемияға байланысты кейінгі күндердегі жағдай қандай? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі материал дайындады.

Жапонияда коронавирус жұқтырғандар саны бойынша антирекорд тіркелді

Жапонияда COVID-19 жұқтырудың жаңа жағдайлары бойынша антирекорд тіркелді. Кейінгі тәулікте коронавирус жұқтырған 4692 ада анықталған. Жұқпалы аурулар жөніндегі сарапшылар "дельта" штамм коронавирус эпидахуалын күрт күрделендіріп жіберуі мүмкін және инфекцияның өршу шыңы тамыз айының басында болады деп ескерткен. Сонымен қатар, Олимпиада ойындарын ұйымдастыру комитеті инфекция жұқтырудың тағы жеті жағдайының тіркелгендігі туралы хабарлағаны. Оның ішінде, екі спортшы бар, қатысушылар арасында вирус жұқтырғандардың жалпы саны 155 адамға жеткен.

Айта кетейік, COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК мәліметінше, антирекорд Иран, Малайзия, Таиланд, Оңтүстік Корея, Индонезия, Вьетнам, Тунис, Ресейде вирус жұқтыру бойынша антирекорд тіркеліп жатыр. Одан бөлек, Жапонияда коронавирусқа қарсы дәрі сынақтан өткізіле бастады. Сынақты Shionogi компаниясы жүргізеді. Компания коронавирусқа қарсы дәрі шығару бойынша Pfizer және Merck компанияларымен бәсекелес. 

Зерттеу туралы мәліметтер The Wall Street Journal газетінде жарияланған. Әңгіме коронавирус жұқтырғаннан кейін күніне бір рет қабылдау қажет препарат жайлы болып тұр. Компания басшысының сөзінше, дәрі коронавирусты бес күннің ішінде жазып шығады. Күтілетін нәтижеге байланысты дәріні сынақтан өткізу келесі жылға дейін созылады. 

Фото: Reuters

Шешенстанда вакцина алмағандарға дүкенге және мешітке баруға тыйым салынды

Шешенстан тұрғындары анықтамасыз және вакцина алғаны туралы сертификатсыз дүкендерге, мешіттерге, кафелер мен мейрамханаларға, қоғамдық көліктерге, тұрмыстық қызмет көрсету нысандары мен спорттық ойын-сауық нысандары аумағына жіберілмейді. Алайда ол нақты қандай анықтамалар екені әзірге белгісіз.

РИА Новости мәліметінше, қазіргі уақытта Шешенстанда тұрғындардың 60 пайызы вакцина алған. Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров мұнымен "тоқтамай", республиканың барлық тұрғынын вакцина алуға шақырды.

Сауд Арабиясында арнайы анықтамамен жүру керек

Сауд Арабиясында коронавирус инфекциясына қарсы вакцина алмаған адамдарға барлық іс-шараларға қатысуға тыйым салынады. Бұл шара 1 тамыздан бастап енгізіледі. Сондай-ақ екпе алмаған азаматтарға мемлекеттік мекемелерге баруға және қоғамдық көлікті пайдалануға болмайды.

Ал вакцина салдырған тұрғындар екпе салынғаны туралы анықтама көрсетуі керек. Ол смартфондағы арнайы қосымшада тұрады. Анықтаманы қоғамдық көлікті пайдаланатын кезде де көрсету қажет.


Фото: Reuters

Калифорнияда барлық мемқызметкер вакцина салдыруы керек

Калифорния билігі тамыздан бастап штаттың барлық мемлекеттік қызметшісін вакцина қабылдауға міндеттеді. Медицина саласының бүкіл қызметкері де вакцинациядан өтуі тиіс. Екпе салдырмаған жағдайда жұмысшылар үнемі тестілеуден өтіп отырады. Бұған дейін дәл осындай шаралар Нью-Йорк мэрімен қабылданған болатын. БЕЛТА мәліметінше, Калифорния штатының 75 пайыз тұрғыны вакцинаның кем дегенде бір дозасын алған.

"Бірақ ол жеткіліксіз. Тамыздан бастап мемлекеттік мен медицина қызметкерлері вакцина салдырғанын дәлелдеуі керек немесе үнемі тестілеуден өтіп отыруы керек. Вакцина салдырмаған адамдардың пандемиясы басталды, ал вакцина - оның шешімі", - делінген хабарламада.

Францияда ковид-рұқсатнамалар заңды түрде енгізіліп жатыр

РИА Новости мәліметінше, ел Парламенті медициналық қызметкерлерге, өрт сөндірушілерге және қарт адамдарға күтім жасайтын қызметкерлерге міндетті түрде COVID-19-ға қарсы вакциналау туралы заң қабылдады. Одан бөлек, санитариялық рұқсаттама жүйесі жұмыс істейтін болады. Бұл вакцинациядан өту туралы анықтаманың немесе коронавирусқа тесттің теріс нәтижесінің немесе науқаста антиденелердің болуы туралы куәліктің болуын болжайды.


Фото: Reuters

Ковид-рұқсаттама тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі. Құжат кафелерде, мейрамханаларда, медициналық мекемелерде, алыс сапарларға жөнелтілетін ұшақтар мен пойыздарда ұсынылуы қажет.

Ал 12-17 жастағы балаларға арналған санитариялық рұқсаттама 30 қыркүйектен бастап күшіне енеді.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer