КРУШЕНИЕ САМОЛЕТА БЛИЗ АКТАУ: ХРОНИКА АВИАКАТАСТРОФЫ
11 октября 2021 | 16:00

Коронавирустың пайда болуына қатысты жаңа болжам айтылды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Depositphotos © Depositphotos

Жаңа коронавирус 2012 жылы қытайлық кеншінің денесінде пайда болуы мүмкін, вирустың үлгілері Ухандағы зертханаға жіберіліп, ол сол жақтан тарап кетуі ықтимал. Бұл ғалымдардың тағы бір жаңа болжамы. Tenrinews.kz тілшісі коронавирустың пайда болуына қатысты қандай болжамдар айтылып жатқанын баяндайды. 

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Жаңа коронавирус 2012 жылы қытайлық кеншінің денесінде пайда болуы мүмкін, вирустың үлгілері Ухандағы зертханаға жіберіліп, ол сол жақтан тарап кетуі ықтимал. Бұл ғалымдардың тағы бір жаңа болжамы. Tenrinews.kz тілшісі коронавирустың пайда болуына қатысты қандай болжамдар айтылып жатқанын баяндайды. 

"Вирус 2012 жылы пайда болған"

The Daily Telegraph мәліметінше, америкалық Bioscience Resource Project ұйымының атқарушы директоры Джонатан Латэмнің айтуынша, вирус ұзақ уақыт бойы бір адамның денесінде болған кезде эволюцияланып, бірнеше мутацияға ұшырауы мүмкін.

"Бір кеншіде вирус жүздеген мутацияға ұшырап, ол Sars-Cov-2 пайда болуына әкелген. Онжылдықтар шамамен алты айға сыйып кеткен. Біздің теориямыз бойынша, осыған ұқсас эволюция 2012 жылы жұмбақ аурудан кейін кеншілердің өкпесінде де болған. Сол кезде кеншілерден алынған медициналық сынамадан вирус тарап кетуі мүмкін", - деді Латэм.

©Reuters

Басылым мәліметінше, 2012 жылы Қытайдың Юньнань провинциясындағы кенді жарғанат қалдықтарынан тазалау кезінде алты кеншіден "пневмонияға ұқсас ауру" анықталған. Олардың үшеуі қайтыс болып, қалғандары алты айға дейін ауруханада жатқан. Содан бір жыл өткен соң, Ухан қаласының ғалымдары дәл сол жердегі жарғанаттардан RaTG13 коронавирусын тапқан, бұл 96 пайызға COVID-19 тудыратын вирусқа ұқсас.

"Біз коронавирустар кенде әртүрлі және көп болғанын, кейбір кенші ұзақ уақыт ауруханада жатқанын білеміз. Олардың емі алты айға созылды және ол адам ағзасына бейімделген жаңа коронавирустардың эволюциясына әкелді", - деді Латэм.
Кеншілер жұққан вирустың үлгілері Ухандағы зерттеушілерге жіберілген, кейін онда COVID-19 тараған болатын.

Ғалымдар не дейді?

Ресейлік кей ғалым мұндай болжамға сенбейді. Мысалы, медицина ғылымдарының докторы Николай Малышев америкалық әріптестерінің бұл болжамына күмәнмен қарады.

"Ғалымдарға бір тақырыпты талқылау, өз гипотезасын білдіру маңызды. Егер расталса - жақсы, расталмаса - бұл алдын ала нұсқа болғанын айтады", - деді Малышев РБК агенттігіне.

©Reuters

Аса қауіпті инфекциялар зертханасының меңгерушісі Александр Чепурнов әріптесімен келісіп, мұндай нұсқаларды ойлап табу оңай екенін айтты.

"Мен бұл теорияға аса сенбеймін, өйткені вирус өте күрделі және нәзік қалыптасқан", - деп атап өтті вирусолог.

"Коронавирус адамға екі рет жұқты"

Ал швейцариялық Neue Zürcher Zeitung басылымының мақаласында ғалымдардың коронавирустың пайда болуына қатысты тағы бір болжамы жазылған.

Зерттеушілер Sars-CoV-2 вирусының екі бастапқы нүктесі болғанын, яғни коронавирус адамға екі рет жұқты деп болжам жасады. Бұған 1,7 мыңнан аса вирус үлгісін талдау нәтижесі дәлел болған.

© Reuters

Зерттеу авторлары Қытайда және басқа елдерде пандемияның алғашқы кезеңінде 2019 жылдың аяғынан 2020 жылдың ақпанына дейін тараған коронавирус геномын зерттеген. Ғалымдардың айтуынша, осы сценарий дұрыс болса, вирус зертханадан шықты деген болжамға қарсы нақты дәлел болады.

"Вирустың жануардан адамға тарауы - пандемия басталуына әлдеқайда нақты себеп бола алады...

Осылайша, 2019 жылдың күзінде Уханда жануардан А мен В желісінің вирусы адамға жұққан болуы мүмкін, бірақ бұл нұсқа қаншалықты шынайы болып көрінгенмен, әлі дәлелденген жоқ", - делінген журналда.

"Вирус Еуропа мен АҚШ-тың азық-түлігімен бірге келді"

Ал Global Times газетіне ғалымдар жазған мақалада мынадай болжам айтылады: коронавирус Ухан қаласына мұздатылған азық-түлік қабынан келген. Қытай ауруларды бақылау және алдын алу орталығының (CDC) сарапшылары осындай болжам айтты. 

Талдаудан кейін Ухандағы коронавирус Еуропа мен АҚШ-тан келген мұздатылған азық-түліктен тарағаны анықталған. Бұл болжам ДДСҰ есебінде "мүмкін гипотеза" ретінде жазылған. 

© Xinhua 

CDC өкілі Ма Хуэйлайдың айтуынша, ведомство осы болжамды ұстанып отыр. 

"Қазанда Шаньдун провинциясындағы Циндаода вирус тарауы бұл гипотезаны растап отыр, себебі коронавирус мұздатылған азық-түлік қаптамасынан табылды", - деп қосты сарапшы.

Айта кетейік, қазір дүние жүзінде 219 миллионнан аса адам коронавирус жұқтырған. Оның 4,55 миллионы қайтыс болған. 

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Курс валют

 521.98  course up  542.28  course up  5.16  course down

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer