ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
02 марта 2021 | 13:13

Қытайға барған ДДҰ сарапшылары қандай мәлімдемелер жасады?

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: Reuters Фото: Reuters

Биыл қаңтар айының басында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының баспасөз қызметі халықаралық сарапшылар тобы коронавирустың қалай тарай бастағанын анықтау үшін Қытайға аттанатынын хабарлады. Сарапшылар тобының құрамына Жапония, Катар, АҚШ, Германия, Вьетнам, Аустралия, Нидерланд, Ұлыбритания, Дания және Ресей мамандары кірді. Зерттеу жұмыстары қалай жүріп жатыр? Сарапшылар қандай шешім шығарды? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі материалында.   

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Биыл қаңтар айының басында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының баспасөз қызметі халықаралық сарапшылар тобы коронавирустың қалай тарай бастағанын анықтау үшін Қытайға аттанатынын хабарлады. Сарапшылар тобының құрамына Жапония, Катар, АҚШ, Германия, Вьетнам, Аустралия, Нидерланд, Ұлыбритания, Дания және Ресей мамандары кірді. Зерттеу жұмыстары қалай жүріп жатыр? Сарапшылар қандай шешім шығарды? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі материалында.   

6 қаңтарда Euronews телеарнасы қытайлық билік Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының зерттеушілер тобын елге кіргізбей жатқанын хабарлады. Ұйым басшысы Тедрос Аданом Гебрейесустің сөзінше, әлемнің түрлі елінің маманы пандемияның шығу себептерін зерттеуге дайын болған. Бірақ ол кезде Бейжің ресми түрде әлі рұқсат бермеген.

Ұйым басшысының сөзінше, ол мұны естіп, көңілі қалған, ал екі сарапшы бұл жаңалықты тіпті жолда бара жатып естіген. Бірақ көп ұзамай 14 қаңтарда ДДҰ сарапшыларына елге кіруге рұқсат беріліп, мамандар зерттеу жұмыстарына кірісті. Ал екі сарапшыдан коронавирус анықталғандықтан олар сапарға шыға алмаған.


Фото: Reuters

Алғашқылардың бірі болып пандемияның тарауына байланысты мәлімдемені сарапшылар тобының өкілі Марион Купманс жасады. Оның айтуынша, коронавирустың тарауына байланысты бірінеше нұсқа бар. Бірақ оның ең жақыны жарқанаттар резервуары болуы мүмкін.

29 қаңтарда халықаралық сарапшылар тағы бір жаңалықтарын бөлісті: олар коронавирус жұқтырған алғашқы науқастармен сөйлесетінін хабарлады. Одан бөлек, алғаш коронавирус анықталған "Хуанан" базар, аурухана мен зертханаларды да аралап шығу жоспарда болған.

ДДҰ сарапшылар тобының мүшесі Питер Бен Эмбарек және Марион Купманс. Фото: Reuters

Артынша ДДҰ сарапшылар тобындағы ресейлік маман Владимир Дедков базар, зертханаларды аралау жұмыстары қалай жүргенін айтып берді. Дедков базарда вирустың тарауына негіз барын, бірақ бұл коронавирус нақты сол жерден тарағанын білдірмейтінін айтады.

Сарапшының сөзінше, базарда біраз өзгеріс болған, қазір ол жабық, сүру жұмыстары жүріп жатыр. Сонымен қатар, маман коронавирустың тарауына жол берді деген қауесет болған Ухан институтының зертханасы туралы ойын айтты.  

"Біз үшін, әрине, мұндай нысанды аралау, әріптестерімізбен сөйлесіп, ол жердегі ұйымдасу жұмысын көру маңызды болды. Бәрі жақсы ұйымдастырылған. Зертхананы кім сынағанын білмеймін. Ол жерден бірнәрсе шыққанын елестету мен үшін қиын", - дейді сарапшы. 

Дедков гипотезалық көзқарас бойынша бәрі мүмкін екенін, бірақ "біріншіден, оған ешқандай алғышарт жоғын, екіншіден, вирус нақты сол жерден тарағаны туралы тура не жанама дәлел жоғын" атап өтті. 

"Зертхана жақсы, тіпті керемет десем де болады. Олар немен айналысатынын, қазір қандай жұмыс атқарып жатқанын айтып, бәрін көрсетті", - деді Дедков. 

Фото: Reuters

Ал базарда болған Нью-Йорктің зоолог ғалымдарының сөзінше, Ухандағы базарда пандемия кезінде ешкім болмаған. Америкалық сарапшы Питер Дасзактың сөзінше, адамдар асығып кеткен, олар барлық құралды сөндіріп, не болғанын дәлелдейтін ыдыстарды да қалдырып кеткен. Америкалық мамандардың көргені осы. 

Базар былтыр 1 ақпанда жабылған болатын. Болжам бойынша, алғашқы науқастар сол жерде жұмыс істеген.

15 ақпанда Питер Дасзак коронавирустың тарауына байланысты өз болжамын ұсынды. Маманның сөзінше, "вирустың таралу жолына назар аудару қажет". Дасзак The New York Times-қа берген сұхбатында инфекция жарқанаттар мен жабайы жануарлар арқылы фермаға түсіп, оны қызметкерлер не күзен, борсық, жанат тәрізді ит жұқтырған болуы мүмкін. Артынша вирус Ухандағы базарға түскен кезде тарай бастаған. Сонымен қатар, ДДҰ сарапшылары Қытайдағы құпия саясат салдарынан кей науқас туралы дерек ала алмаған. Одан бөлек, коронавирус жұқтырып, ауырып шыққан кей адам ұйым өкілдерімен кездесуден бас тартқан.  

Бүгін ұйым сарапшылары тағы бір мәлімдеме жасады. Бұған дейін коронавирус 2019 жылдың желтоқсанында анықталғаны айтылған болатын. Алайда ДДҰ делегациясы басшысы Питер Бен Эмбарек CNN-ге берген сұхбатында ол әріптестерімен ауру тарауының басқа да ірі себептерін тапқанын айтты. Ғалымның сөзінше, алғаш рет Уханда желтоқсанның өзінде вирустың ондаған штамы болған. Одан бөлек, мамандар алғашқы науқастармен сөйлескен, ол 8 желтоқсанда вирус жұқтырған кеңсе қызметкері болып шыққан.   

Фото: Reuters

Ғалымның айтуынша, ол адамдар ауруды ауыр өткізгендіктен бірден анықталған. Демек Уханда желтоқсан айының өзінде 1000-ға жуық адам коронавирус жұқтырып үлгерген. 

"Біз әлі ешқандай модель құрған жоқпыз. Бірақ болжам бойынша, вирус жұқтырғандар арасында шамамен 15 пайызы ауруды ауыр өткізген, ал көбінде жеңіл түрде өткен", - дейді Бен Эмбарек. 

Зерттеушінің сөзінше, ДДҰ сарапшылары қытайлық әріптестерімен бірлесіп, зерттелетін вирустың генетикалық материалының түрлерін кеңейткен, бұл 2019 жылдың желтоқсанында анықталған SARS-COV-2-нің 13 түрлі геномын табуға көмектескен. 

Бен Эмбарек коронавирустың 13 түрлі геномы туралы толығырақ мәлімет беруден бас тартқан. Алайда өзге сарапшылар мен вирусологтардың сөзінше, штамның сонша түрінің болуы вирус 2019 жылдың желтоқсанына дейін де болғанын көрсетеді. 

Сонымен қатар, ДДҰ делегациясы басшысы ұйымның сарапшылар тобы алдағы айда Қытайға зерттеу жұмысын жалғастыру үшін қайтадан баратынын айтады. Маман ғалымдар алғашқы сапар кезінде зерттеу алмаған материалдарға қол жеткізеді деп үміттенетінін айтты.  

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer