ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
11 мая 2020 | 13:37

"Індеттің екінші кезеңі болуы мүмкін". Тоқаев қазақстандықтарға сақ болуға кеңес берді

Даурен Ерболат
Даурен Ерболат Журналист
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус індетінің екінші кезеңі болуы мүмкін екенін айтып, қазақстандықтарға сақ болуға кеңес берді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус індетінің екінші кезеңі болуы мүмкін екенін айтып, қазақстандықтарға сақ болуға кеңес берді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Жұрттың көбі әлі де үйде отыра тұрғаны дұрыс болар еді. Бұл - ең алдымен, адамдардың қауіпсіздігіне байланысты мәселе. Жұмыс орнында әлеуметтік арақашықтық және қатаң санитарлық режим сақталуы қажет. Індеттің екінші кезеңі басталып кетуі мүмкін. Сондықтан, өзіміздің аман-саулығымызға, ең алдымен, өзіміз жауапты болуымыз керек", - деді ол төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында.

Осы орайда Қазақстан президенті мұндай жағдай болса, үкімет тиісті шараларды қолға алатынын атап өтті.

"Індет қайта өршіген жағдайда үкімет нақты шұғыл іс-қимыл жоспарын дайындайды. Өздеріңізге мәлім, менің тапсырмам бойынша елімізде дағдарысқа қарсы шаралардың екі топтамасы жүзеге асырылып жатыр", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Айта кетейік, бүгін Қазақстанның бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова арнайы қаулыға қол қойды.

Еске салайық, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус пандемиясына байланысты елімізде төтенше жағдай режимін алғаш 16 наурыздан 15 сәуірге дейін енгізген болатын. Ал19 наурызда Нұр-Сұлтан мен Алматыда карантин режимі жарияланды. Ал бірнеше күннен соң Қазақстанның басқа қалалары мен облыстарында да карантин енгізілді. 3 сәуірде Нұр-Сұлтан мен Алматыда демалыс аптасы ұзартылды.

Сондай-ақ, Қазақстан Президенті төтенше жағдай режимін 1 мамырға дейін ұзарту туралы жарлыққа қол қойды

27 сәуірде Мемлекет басшысы төтенше жағдай және карантин режимі 11 мамырға дейін ұзартылғанын мәлімдеді. 

Елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны 5 318-ге жетті. 1941 науқас аурудан айықты, 31 адам қайтыс болды.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer