Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
26 ноября 2019 17:09

"Өлер алдында қылмысын ашып кеткен". Мыңдаған қырғыз неге митингіге шықты?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© rfi.fr © rfi.fr

Қырғызстанда журналистер жазған мақаладан кейін бүкіл ел дүрлікті. Кеше соның салдарынан ел астанасында мыңдаған адам бейбіт шеруге шыққан. Кейін Қырғызстан үкіметі журналистік тергеуге қатысты ресми пікір білдірген. Мақала не жайында? Митингіге шыққандардың талабы қандай? Билік қалай жауап берді? Tengrinews.kz тілшісінің материалында.


Қырғызстанда журналистер жазған мақаладан кейін бүкіл ел дүрлікті. Кеше соның салдарынан ел астанасында мыңдаған адам бейбіт шеруге шыққан. Кейін Қырғызстан үкіметі журналистік тергеуге қатысты ресми пікір білдірген. Мақала не жайында? Митингіге шыққандардың талабы қандай? Билік қалай жауап берді? Tengrinews.kz тілшісінің материалында.

Өлер алдында бар қылмысты ашып кеткен

21 қарашада бірнеше қырғыз сайтында кедендегі сыбайлас жемқорлық туралы мақала жарияланды. Жергілікті журналистердің мәліметінше, мультимиллионер Хабибула Абдукадыр мен оның отбасы осы іске қатысы бар. Тергеу барысында сондай-ақ жақында Ыстамбұлда саммитте қаза тапқан қытайлық кәсіпкер Айеркен Саймаитидің есімі көрсетілген. Кәсіпкер өлер алдында журналистерге Қырғызстаннан миллиондаған долларды қалай шығарғанын және оған қай шенеуніктердің көмектескенін айтып берген.

Мақаладағы мәлімет бойынша, Саймаити Қырғызстаннан 700 миллион доллар ақша шығарған. Осы істе Қырғызстан кеден қызметінің бұрынғы басшысы Райымбек Матраимов оған көмектескен-мыс.

Саймаитидің журналистерге айтуы бойынша, кеден қызметімен жақсы байланысының арқасында Абдукадыр жүктерді оңай әрі жылдам тасымалдап қана қоймай, кеден алымын төлеуде қулыққа барған: кедендегі достары кез келген тауарды арзан материал ретінде рәсімдеген.

Бірнеше ай бойы қырғызстандық журналистер Саймаити берген құжаттарды зерттеп, соған байланысты жерлерге барған. Барлық айғақты жиып, журналистер кеденнен заңсыз тасымалдау жүйесін жария еткен. Бұл тергеу Қырғызстан үшін күтпеген жаңалық болды.

Бішкекте мыңдаған адам жиналды

Осы мақаладан кейін Бішкекте мыңдаған адам Ақ үй ғимаратының алдында бейбіт акция өткізді. Жиналғандар биліктен Қырғызстан кеденіндегі сыбайлас жемқорлық туралы журналистік тергеуге қатысты қандай да бір жауап беруді талап еткен.


© 24.kg

#RЕАКЦИЯ деп аталатын акцияға мыңға жуық адам жиналған. Жиналу орны - революция күрескерлері ескерткішінің алды. Жиналғандар әртүрлі ұран тастаған. Шараның басты ерекшелігі - сары қағаз болды - бұл билікке деген ескерту.

Осылайша акцияға қатысушылар Ақ үй соңына дейін жаяу жүріп өтті.

Бейбіт шеруге шыққандар плакатпен билікке түрлі жазбаларды жеткізуге тырысты: "Қырғызстан кедей ел емес, Қырғызстан ұрланған ел", "Ақшамызды қайтарыңдар", "Ұрыларды түрмеге". Сондай-ақ көбі Матраимовтың суретін алып шығып, оны қамауды талап еткен.


© 24.kg

Қатысушылар арасында әлеуметтік белсенділер, құқыққорғаушылар, блогерлер және қоғамның басқа да мүшелері болды. Ұйымдастыру комитеті ірі саясаткерлердің бейбіт акцияға қатысуын қабылдамайтынын атап өтті. Белсенділер жұлдыздарға да бұл шеруді өзіндік PR ретінде қолданбауды ескерткен.

Акция 1,5 сағатқа созылып, қатысушылар тарқасты. Акция қатысушылары алаңды ластамаған.

Істі елдің қауіпсіздік комитеті тергейді

Журналистік тергеудегі барлық деректі Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті (МҰҚК) өкілі басқаратын ведомствоаралық жедел тергеу тобы тексереді. МҰҚК журналистер мақаласынан кейін кеден қызметінің бұрынғы басшысы Райымбек Матраимовты да тергейтіні белгілі болды. Бұл туралы Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Дамир Сағынбаев айтқан.

"Материалдар МҰҚК-де болғандықтан, не ол сонда өзі барады, не баруын қамтамасыз етеді. Журналистік тергеуде көрсетілген айғақтарды орнату үшін тергеуалды шара өткізу керек", - деді Сағынбаев баспасөз мәслихатында.

"Матраимов қайда?" деген сұраққа Сағынбаев кеденнік экс-басшысы қазір Қырғызстанда болуы мүмкін деп жауап берген.


Райымбек Матраимов. © elgezit.kg

Матраимов Қырғызстанда емес

Бірақ Райымбек Матраимов қазір Қырғызстанда болмай шықты. Бұл туралы экс-басшының өзі айтқан. Матраимовтың мәлімдемесін оның ағасы, депутат Искендер Матраимов жариялаған.

"Соңғы екі жыл бойы менің атымды қаралауға тырысып жүргендер көп. Сол мақсатта үкіметтік емес, қоғамдық ұйымдар қолданылып жүр. Сондықтан елге оралуға шешім қабылдадым. Маған қойылатын сұрақтарға, құқық қорғау органдарының сауалдарына жауап беруге дайынмын", - деген Матраимов мәлімдемесінде.

Кеше бейбіт шеру біткеннен кейін Қырғызстанның премьер-министрі Мухаммедкалый Абылгазиев кеден қызметіндегі жемқорлыққа қатысты қылмыстық тергеуді жылдамдатуды тапсырды. Қазір журналистер тергеудегі айғақтарды тиісті органдар тексеріп жатқаны хабарланған.

Сондай-ақ, бизнесмен Айеркен Саймаитидің өліміне қатысты іске Қырғызстан үкіметі қолдау көрсетуге дайын.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 444.26   490.7   4.83 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети