ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
10 февраля 2020 | 12:31

Шетел басылымдары Қордайдағы қақтығыс туралы қалай ақпарат таратты?

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Tengrinews.kz/ Алихан Сариев © Tengrinews.kz/ Алихан Сариев

7 ақпанда Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Масанчи ауылында тұрғындар арасында жаппай төбелес болды. Қақтығысқа 300 адам қатысқан. Металл заттарын, атыс қаруын қолданғандар Ауқатты және Бұлан батыр ауылдарында жанжал шығарған. Оқиға салдарынан 10 адам қаза тауып, 40-қа жуық үй, 20-дан аса сауда үйі қирап, көптеген көлік өртенген. Tengrinews.kz тілшісі қайғылы оқиға туралы шетелдік басылымдар қалай ақпарат таратқанына шолу жасады.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

7 ақпанда Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Масанчи ауылында тұрғындар арасында жаппай төбелес болды. Қақтығысқа 300 адам қатысқан. Металл заттарын, атыс қаруын қолданғандар Ауқатты және Бұлан батыр ауылдарында жанжал шығарған. Оқиға салдарынан 10 адам қаза тауып, 40-қа жуық үй, 20-дан аса сауда үйі қирап, көптеген көлік өртенген. Tengrinews.kz тілшісі қайғылы оқиға туралы шетелдік басылымдар қалай ақпарат таратқанына шолу жасады.

РИА Новости ақпарат порталы Қордай ауданындағы оқиғаның мән-жайын бүге-шігесіне дейін таратып отырған ресейлік порталдардың бірі. Сайт қайғылы оқиғаның неден туғанын, себебін және билік өкілдерінің әрекетін баяндаған.

Одан бөлек, ТАСС, Lenta.ru және BBC-дің Ресейдегі бөлімі Масанчи ауылындағы жаппай қақтығыс туралы ақпарат таратып отырған.

7 ақпанда басталған оқиға ұлыбританиялық басылымдардың да назарынан тыс қалмаған. Мәселен, BBC ақпарат порталы қақтығыс салдарынан 10 адамның қаза тапқанын және ондаған адамның зардап шеккенін хабарлаған.

Сондай-ақ, ВВС порталы AFP жаңалық агенттігіне сілтеме жасап, Алматыдағы барахолка базарының жабылғаны туралы мәлімет келтірген.

Тағы бір ұлыбританиялық The Guardian басылымы да REUTERS-ке сілтеме жасап, алдымен оқиға салдарынан 10 адамның қаза тапқанын жазған. 

"Елдегі қақтығыс салдарынан барлығы 140 адам медициналық мекемеге көмек сұрап, тағы 25 адам көршілес Қырғызстандағы дәрігерлерден көмек сұраған", - деп жазған The Guardian басылымы.

Ал америкалық АВС телеарнасының жаңалықтар бөлімі 8 ақпанда бұрын ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың Жамбыл облысындағы қақтығыс кезінде қаза тапқандар туралы және 40 адамның зардап шеккенін мәлімдегенін хабарлаған.

Сонымен қатар, АВС ішкі істер министрінің қайғылы оқиғаның туындауына нақты не себеп болғанын айтпағанын, алайда аудан тұрғындарының қақтығыс этникалық жанжал салдарынан туғанын айтқанын мәлімдеген.

"Масанчи - Қырғызстанмен шекаралас, ата-тегі қытай елі мұсылман дүнгендер көп шоғырланған ауыл. Министр Тұрғымбаев 47 адамның қамалғанын мәлімдеді", - деп жазды АВС телеарнасының жаңалықтар бөлімі.

The New York Times күнделікті АҚШ басылымы REUTERS-ке сілтеме жасап 8 ақпанда оқиға салдарынан 8 адамның қаза тапқан деген ақпаратты ғана келтірген. 

"Ерлан Тұрғымбаев баспасөз конференциясында Масанчи көшелеріндегі қақтығысқа 300 адамның қатысқанын, сонымен қатар, олар атыс шығарып, тас лақтырғанын хабарлады", - деп жазған басылым.

Deutsche Welle (DW) неміс халықаралық хабар тарату компаниясының орыс бөлімі Қазақстанның оңтүстігінде "қазақтар мен дүнгендер" арасында дау туғанын жазған. 

"Полицейлер мен тұрғындар арасындағы қақтығыс (дүнгендер мен қазақтар) Жамбыл облысы, Қордай ауданындағы бірқатар ауылдарда болған. Жаппай қақтығыс 7 ақпан күндізгі уақытта басталып, 8 ақпан түнгі уақытта жалғасқан", - деп хабар таратқан компания.

Сонымен қатар, DW "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев оқиғаның күшейіп кетуіне арандатушылар мен шенеуніктер кінәлі екенін мәлімдегенін жазған. 

Орталық Азияның ақпарат арналары да Қордай ауданындағы қайғылы оқиға туралы ақпарат таратып отырған. Centralasia.media ақпарат порталы Жамбыл облысындағы оқиғаның толық хронологиясын жариялаған. 

Жамбыл облысындағы жаппай қақтығыс қырғыз елінің де назарында болған. 24.kg ақпараттық порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабар таратқан. Портал 8 ақпанда қазақстандық полиция жағдайды қалыпқа келтіргенін хабарлаған. 

Сонымен қатар, 24.kg Қырғызстанның денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап, зардап шеккен 10 қазақстандықтың сегізі Тоқмақтағы ауруханаға, екеуі Бішкектегі Ұлттық аурхананың көз микрохирургиясы бөліміне жеткізілгені туралы ақпарат жариялаған. 

Unian.net украиналық ақпарат порталы Қазақстандағы қайғылы оқиға кезінде қаза тапқандар туралы ақпарат беріп, қақтығыс кезіндегі видеоны жариялаған. 

Артынша портал "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап қаза болғандардың саны 10-ға жеткені туралы ақпарат берген. 

Әлем басылымдарына шолу жасай келе аңғарғанымыз, көбі қаза тапқан адамдардың саны туралы ақпарат таратқан. Солардың бірі Aljazeera.com халықаралық телекомпаниясы. Компания 8 адамның қаза тапқаны туралы ақпарат таратқанымен, артынша ақпараттың толыққанды, яғни, жалпы 10 адамның қаза тапқаны туралы мәлімет берілмеген.  

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer