ОЦЕНИТЕ РАБОТУ АКИМА
01 апреля 2019 | 13:55

Шоуменнен - президенттікке. Сіз кімсіз, Зеленский мырза?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Владимир Зеленский. © Reuters Владимир Зеленский. © Reuters

Алдағы бес жылда Украинаны шоумен басқаруы мүмкін. Президент сайлауының бірінші турынан соң Владимир Зеленский кандидаттар арасында көш бастап келеді - 30,25 пайыз. Әзілкешке берілген дауыс Украинаның қазіргі президенті Петр Порошенкодан (16,54 пайыз) екі есеге көп. Осы орайда Tengrinews.kz тілшісі Украина президенттігіне басты үміткермен таныстырады.


Иконка комментария блок соц сети

Алдағы бес жылда Украинаны шоумен басқаруы мүмкін. Президент сайлауының бірінші турынан соң Владимир Зеленский кандидаттар арасында көш бастап келеді - 30,25 пайыз. Әзілкешке берілген дауыс Украинаның қазіргі президенті Петр Порошенкодан (16,54 пайыз) екі есеге көп. Осы орайда Tengrinews.kz тілшісі Украина президенттігіне басты үміткермен таныстырады.

Тәжірибесіз саясаткер 

Болашақ әзілкеш-саясаткер Украинада туғанымен, бала кезінде отбасымен бірге Моңғолияда төрт жыл тұрып, мектеп табалдырығын сол елде аттаған. Әкесі техника ғылымдарының докторы, профессор болса, анасы инженер қызметін атқарған.

Зеленский мектеп кезінде-ақ саясатқа жақын болуды армандап, дипломат мамандығына оқымақ болған. Бірақ кейін ойы өзгеріп, заңгер білімін алып шықты. Бірақ ол заңгер ретінде ешқашан жұмыс істемеген. Саяси тәжірибесі де жоқ, бірақ әзілкеш мұның ұтымды тұстарын да тауып алды.

"Менің заңгерлік білімім бар, бұл мен үшін плюс. Бірақ саяси тәжірибем жоқ... Бұл да үлкен плюс", - деп әзілдейді ол.

Негізі Владимир Зеленскийдің өмір жолын анықтап берген - ресейлік сахна. Ол 20 жасында "95-й квартал" командасымен бірге ресейлік КВН-де ойнаған. Бірақ 2003 жылы КВН басшылығы мен команда арасында жанжал болып, "95-й квартал" украиналық телевизияға ауысады. Бүгінде бұл команда Украинада рейтингі ең жоғары шоуларды ұйымдастыратын студияға айналған.

Әзілкештің 16 жыл бұрын отасқан Елена есімді жары бар. Жұп Александра есімді қыз бен Кирилл есімді ұл тәрбиелеп отыр.

Зеленский "Вечерний квартал", "Бойцовский клуб", "Рассмеши комика", "Лига смеха" секілді жобаларымен танылған. 2015 жылы Зеленский басты рөлде ойнайтын "Слуга народа" сериалы көрсетіле бастады. Мұнда ол президент сайлауында жеңіске жеткен тарих пәнінің мұғалімін сомдайды. Зеленский - бұл сериалдың басты кейіпкері ғана емес, идея авторы әрі продюсері. 2017 жылы әлемдегі ең ірі интернет-ТВ платформа Netflix сериалды көрсету құқығын сатып алған.

Еуромайдан қолдаушысы 

Зеленский өзінің саяси көзқарасын Украинадағы майдан кезінде ашық көрсете бастады. Митингке шыққандарды қолдап, олардың алдында өнер көрсеткен еді. Ал Донецк облысында болған әскери қақтығыс кезінде Зеленский украиналық әскерге қолдау көрсетіп, оларға бір миллион гривен берген.

Ол өз әзілдерінде Еуромайдан туралы жиі айтады. Мысалы, "Беркуттың" митингке шыққан студенттерді аямай соққыға жыққаны украиналықтар арасында үлкен жанжал болған еді. Бұған қатысты Зеленский жетекшілік ететін "95-й квартал" әзілдеген еді.

Әзілкеш Евгений Кошевой сол кездегі ел президенті Виктор Януковичті сомдап тұрған актерден "Беркуттіктерге" эбонит таяқшаларын беріп, ал митингке шыққандар жүннен тоқылған киім кисе, соларды ұру арқылы электр алуға бола ма?" деп сұрайды.

Зеленскийдің өзі митингке шықпай, неге сахнада ғана осындай әзілдер айтып жүргенін түсіндірді. "Біздің платформамыз - бұл "Вечерний квартал". Митингке шыққандарға юмормен қолдау көрсетіп, билік, оппозиция туралы еркін әзілдей алуымыз керек", - деген болатын.

Сонымен қатар, Зеленский Ресей саясатына қарсы да жиі әзіл айтады. Соның салдарынан Ресейде "Вечерний квартал" шоуын телевизиядан көрсетуге тыйым салынған. Бірақ Украина президентіне үміткер өз сұхбаттарының бірінде қажет болса Путиннің алдында тізерлеп отыруға да дайын екенін айтқан: "Қаласаңыздар, Путинге жалынып, алдында тізерлеуге дайынмын, бірақ Украинаны тізе бүктірмеңіздерші".


Фотолар Зеленскийдің Facebook парақшасынан

Украина президенттігіне басты үміткер 

Зеленский өзінің президенттік сайлауға түсетінін ресми түрде 31 желтоқсанда дәл Жаңа жыл қарсаңында айтқан. "1+1" телеарнасы әртістің ресми хабарламасын көрсету үшін сол кездегі президент Порошенконың жаңажылдық құттықтауын кейінге ысырып тастаған.

Шоуменнің президенттік сайлауға түсуін Украина халқы әр түрлі қабылдады. Бірі "саясаттағы жаңа тыныс" деп санаса, кейбірі украиналық олигарх Игорь Коломойскийдің "қуыршағы" деп ойлайды. Бірақ Зеленский олигархпен тек іскерлік қарым-қатынаста екенін айтады.

Шоуменнің президент сайлауына түсіуіне елдегі саяси ахуал себеп болған.

"Әр украиналықтың басты мақсаты - адам өмірін сақтау. Сондықтан, бірінші қадам - оқ атуды тоқтату. Тараптармен келіссөз жүргуіміз керек. Ұлыбритания, АҚШ-ты өзімізге тартуымыз қажет деп ойлаймын", - дейді Зеленский.

Әзілкештің айтуынша, оның президент ретіндегі алғашқы мақсаты - елдегі соғысты тоқтату, уақытша оккупацияланған аймақтарды қайтару. Шоумен президент сайлауының алғашқы туры 1 сәуірде аяқталатыны өзі үшін ұтымды жайт екенін айтады: "1 сәуір - мен үшін тамаша күн. Сайқымазақ үшін. Жеңіске жету үшін. Мен сайқымазақ емеспін бе?", - дейді ол.

Соңғы мәліметтер бойынша, Зеленский бірінші турдан соң 30,25 пайыз дауыспен көш бастап келеді. Екінші орындағы Петр Порошенкода - 16,54 пайыз. Енді екі кандидат үш аптадан кейін сайлаудың екінші турына қатысады. Порошенко өзінің басты қарсыласын "Коломойскийдің қуыршағы" деп атаған еді.

Ал Зеленскийдің қазіргі президент туралы пікірі мынадай: "Порошенконы екі-ақ сөзбен сипаттап бере аламын - "өкінішке қарай".

Автор: Есет Төлеш

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Курс валют

 494.98   521.17   4.92 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети