ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
26 февраля 2021 | 13:13

"Сыртқы саясаттағы қателіктер". Халқы неге Пашинянның отставкаға кетуін талап етіп жатыр?

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Никол Пашинян © РИА Новости Никол Пашинян © РИА Новости

Армения астанасы Ереванда тағы да наразылық шаралары өтіп жатыр. Оппозиционерлер бұл жолы да премьер-министр Никол Пашинянның отставкасын талап етіп, көшеге шыққан. Ал Пашинян өзінің отставкаға кетуін талап еткен лауазымды тұлғаларды қызметінен босатты. Армениядағы наразылық қалай өрбіді? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі материалында. 

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Армения астанасы Ереванда тағы да наразылық шаралары өтіп жатыр. Оппозиционерлер бұл жолы да премьер-министр Никол Пашинянның отставкасын талап етіп, көшеге шыққан. Ал Пашинян өзінің отставкаға кетуін талап еткен лауазымды тұлғаларды қызметінен босатты. Армениядағы наразылық қалай өрбіді? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі материалында. 

24 ақпанда Армения премьер-министрі Никол Пашинян экс-президент Серж Саргсянның пікіріне қатысты пікір білдірді. Бұрынғы президент "Армения тарапы Таулы Қарабақтағы соғыстың төртінші күнінде "Искандерды" қолдануы керек болғанын" айтқан. Одан бөлек, Саргсян зымырандар неліктен Әзербайжанның мұнай-газ нысанын жоюға қолданылмағанын сұрады.

Никол Пашинян Армения жақта тұрған ресейлік зымыран жүйесі жұмысқа жарамайтынын мәлімдеді. Олар былтыр Таулы Қарабақтағы қақтығыс кезінде жарылмай қойған. Ал жарылған күннің өзінде 10 пайызы ғана жарылған екен.

"Меніңше, ол көптеген сұрақтың жауабын біледі және өзі жауабын білетін сұрақтарды қоймауы керек. Бәлкім ол неліктен "Искандер" тек 10 пайызға жарылғанын білетін шығар", - деді Пашинян.


Фото:primeminister.am

Таулы Қарабақтағы соғыс кезінде Армения тарапында кемінде 16 зымыран жүйесі болған: сегіз "Эльбрус", төрт "Точка" мен төрт "Искандер".

Артынша кеше, 25 ақпанда Армения әскері елдің премьер-министрі Никол Пашинян мен оның үкіметінің отставкаға кетуін талап ете бастады. Бас штаб басшысы Оник Гаспарян қол қойған мәлімдемеде Пашинян мен оның үкіметі елдегі қазіргі дағдарыс кезеңінде барабар шешімдер қабылдауға қабілетсіз екені айтылған.

Хабарламада "Армения Қарулы күштері ұзақ уақыт бойы қазіргі биліктің әскерге қарсы шабуылдарына шыдап келгені, олар міндеттерін абыроймен орындағаны, халықпен бірге жаумен шайқасқаны" айтылған. Елдің Қарулы күштері "қазіргі биліктің тиімсіз басқаруы мен сыртқы саясаттағы елеулі қателіктер елді құрдымға әкетіп бара жатқанын" мәлімдеді.


Оник Гаспарян. Фото:mil.am

Бас штабтың талабын 30 жоғары шенді офицер де қолдады. Ал Пашинян армян әскери күштерінің мәлімдемесін "төңкеріс бастау әрекеті" деп атады.

"Біздің барлық жақтасымызды дәл қазір Республика алаңына шақырамын. Жақын арада мен тікелей эфирде үндеу жасаймын", - деп жазды ол Facebook-те.

Осы кезде Еревандағы оппозиционерлер Пашинянның отставкаға кетуін талап етіп, көшелерді жауып тастады. Наразылық шарасын ұйымдастырушылардың бірі, "Дашнакцутюн" партиясының жастар одағының өкілі журналистерге шеру Пашинян отставкаға кеткенге дейін жалғасатынын айтты. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, акцияның екі қатысушысы полиция бөлімшесіне жеткізілген.


Фото: Reuters 

Айта кетейік, премьер-министрдің отставкаға кетуі туралы талап былтыр Пашинян Әзербайжан және Ресеймен бірлесіп соғысты тоқтату туралы келісім жасағаннан кейін басталған. Бұған дейін армениялықтар 20 ақпанда да алаңға шығып, Пашинянның отставкаға кетуін талап еткен болатын. DW мәліметінше, олар Никол Пашинянның екі елмен келісімге келуін сатқындық деп бағалаған. Олар премьер-министрдің тек отставкаға кетуін емес, сонымен қатар, Пашиянынды "мемлекетке сатқындық" жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартуды талап етіп отыр.

Алаңға жиналғандар: "Николсыз Армения!", "Никол - сатқын!", - деп ұрандатқан. 


Фото: Reuters 

Көп ұзамай Пашинян Армения Қарулы күштерінің бас штаб басшысы Оник Гаспарянды қызметінен босатты.

"Біз қиын жағдайға тап болдық, мен кеше, бүгін бас штаб басшысының бірінші орынбасары мен бастығын қызметінен босату туралы шешім жасадым, яғни мен құжаттарға қол қойғаннан кейін бас штаб менің отставкаға кетуімді талап ететін мәлімдеме жасады", - деді Пашинян.

Кейіннен Пашинян Ереван көшелеріндегі наразы топтың алдына шығып, жақтастарына мәлімдеме жасады. Ол Facebook желісіндегі парақшасында тікелей көрсетілім жасап отырды. Пашинян отставкаға кетуін талап еткен әскери қызметшілердің реакциясын қызуқандылық деп бағалады.

"Сіздер ақпараттық террорға үйреніп қалды деп үміттенемін. Әр түрлі қауесет тарайды, ұшақ дайындап қойды дейді, қашуға дайынбыз дейді", - деді Пашинян.

Пашинян алаңға жиналғандарға Отанын тастамайтынын айтты. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 522.58  course down  549.54  course down  5.08  course down

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer