ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
14 апреля 2020 | 09:49

"Тағы да үйде отырамыз". Коронавирустың екінші толқыны қашан болуы мүмкін?

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Reuters © Reuters

Дүниежүзінде COVID-19 пандемиясының екінші толқыны басталуы мүмкін. Ғалымдар осындай пікірде. Бүгінде коронавирус бәсеңдеген кей елде індеттің жаңа толқыны басталып жатыр. Tengrinews.kz тілшісі коронавирустың екінші толқыны туралы ғалымдардың болжамына шолу жасады.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Дүниежүзінде COVID-19 пандемиясының екінші толқыны басталуы мүмкін. Ғалымдар осындай пікірде. Бүгінде коронавирус бәсеңдеген кей елде індеттің жаңа толқыны басталып жатыр. Tengrinews.kz тілшісі коронавирустың екінші толқыны туралы ғалымдардың болжамына шолу жасады.

Екінші толқынды да Қытай әкелуі мүмкін

Бүгінде дүниежүзі коронавирус пандемиясын әлі жеңген жоқ. Кей елде ол әлсірей бастаған болатын. Бірақ The Lancet Public Health журналында жарияланған зерттеуге сенсек, адамзатты пандемияның екінші толқыны күтіп тұр.

Ғалымдардың пікірінше, Уханда карантин алынғаннан кейін коронавирустың екінші толқыны басталуы мүмкін. Олардың болжамына сенсек, вирус тамызда қайта күшіне енуі ықтимал.


© Reuters 

Зерттеу авторы Киеша Премнің пікірінше, Уханды карантиннен алу кезінде өте сақ болу қажет.

Қытайдың қалыпты өмірге оралуынан эпидемиолог Бен Коулинг те сақтанып отыр. Оның пікірінше, Қытайдың карантинді ерте алып тастауы бүкіл әлемге зиянын тигізуі мүмкін. Оның айтуынша, мұндай қадам эпидемияның екінші толқынын әкелуі мүмкін.

Пандемияның екінші толқыны күзде келуі мүмкін

АҚШ аллергия және инфекциялық аурулар ұлттық институының директоры Энтони Фаучи де осы пікірге қосылған. Бірақ оның болжамы бойынша, коронавирустың екінші толқыны биыл күзде басталады. Бұл туралы ол Ақ үйдегі брифинг кезінде айтқан.

Оның ойынша, күзде вирус қайта таралған кезде елдер оған дайын болады.


©Reuters

Шанхайлық "Хуашань" ауруханасы инфекциялық бөлімнің жетекшісі, COVID-19 індетін емдеу бойынша шанхайлық топтың басшысы Чжан Вэньхун да әлемнің вируспен қайта күресетінін болжаған. Ол коронавирустың екінші толқыны қарашада басталуы мүмкін екенін айтады.

"Биыл жазда бұл вирустан толық құтыла алмаймыз. Қыс басталған кезде бәріміз тағы да үйде отырамыз. Қыс жақындағанда вирустың таралу мүмкіндігі артады", - дейді Вэньхун.

Дәрігердің сөзінше, қазіргі тәжірибенің арқасында эпидемияның жаңа толқыны көлемді болмайды.

Қытай мен Сингапурде екінші толқын басталды

Коронавирус басталған Қытайда ақпанның аяғында індет бәсеңдей бастаған. Наурыз бойы елде коронавирус жұқтырғандар санына күн сайын 30-40 адам қосылып отырды. Бірақ соңғы күндері Қытайда коронавирус қайта күш ала бастағандай.

12 сәуірде Қытайда 116 адамнан COVID-19 анықталған. Бұл соңғы 1,5 айдағы ең жоғарғы көрсеткіш саналады. Енді қытайлықтар пандемияның екінші толқыны басталмай ма деп қорқып отыр.

"Қытайда шетелден келген 693 жағдай тіркелді. Бұл инфекцияның жаңа толқынының мүмкіндігі өте жоғары дегенді білдіреді", - деді Қытай Ұлттық денсаулық сақтау комиссиясының төрағасы Ми Фенг.


© Reuters 

Сингапур де ақпан мен наурызда коронавирустың тарауын бәсеңдеткен еді. Наурыз бойы күн сайын вирус жұқтырғанжар саны 50-60 адамға көбейіп отырған.

Бірнеше күн бұрын Сингапурде вирус жұқтырғандар саны күрт өсіп кетті. 9 ақпанда тағы 287 адамнан вирус табылса, кеше 233 адам вирус жұқтырған. Ақпанның басында елде вирус табылған барлығы 1000 адам бар еді. Бүгінде олардың саны 2532-ге жетті.

Сингапур билігі бұған дейін ешқайда карантин енгізбеген еді. 11 сәуірде қалалық жағажайларды жауып тастады.

"Тұрғындар өзара қашықты сақтаса, жағажайларды ашық қалдыруымызға да болатын еді. Бәрінің тәртіп бойынша жүре бермейтінін көріп отырмыз. Сондықтан бізге қатаң шаралар қажет болды", - деді Ұлттық даму министрлігінің төрағасы Лоранс Вонг.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer