ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
14 августа 2019 | 15:25

"Террорист емеспін" деген Атамбаевқа қандай айыптар тағылған

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Алмазбек Атамбаев Алмазбек Атамбаев

Биыл 8 тамызға қараған түні Қырғызстанда экс-президент Алмазбек Атамбаевты ұстау операциясы жүріп, салдарынан 100-ден аса адам зардап шеккен еді, адам шығыны да болған. Нәтижесінде Атамбаев 26 тамызға дейін уақытша ұстау изоляторына қамалды. Айта кетейік, Қырғызстанның экс-президенті аса ауыр қылмыстар - құқық қорғау органдары өкілдеріне қатысты зорлық-зомбылық, адам өлтіру мен жаппай тәртіпсіздік жасады деп айыпталып отыр. Tengrinews.kz тілшісі экс-президенттің бүкіл бір елді дүрліктірген оқиғадағы саяси қадамдарына шолу жасады.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Биыл 8 тамызға қараған түні Қырғызстанда экс-президент Алмазбек Атамбаевты ұстау операциясы жүріп, салдарынан 100-ден аса адам зардап шеккен еді, адам шығыны да болған. Нәтижесінде Атамбаев 26 тамызға дейін уақытша ұстау изоляторына қамалды. Айта кетейік, Қырғызстанның экс-президенті аса ауыр қылмыстар - құқық қорғау органдары өкілдеріне қатысты зорлық-зомбылық, адам өлтіру мен жаппай тәртіпсіздік жасады деп айыпталып отыр. Tengrinews.kz тілшісі экс-президенттің бүкіл бір елді дүрліктірген оқиғадағы саяси қадамдарына шолу жасады.

Продолжение

"Оқ ату арқылы қорғандым"

7 тамызда кешкі уақытта Қырғызстанның экс-президентінің үйіне шабуыл жасалды. Салдарынан үйге баса-көктеп кірген күш құрылымдары мен экс-президенттің жақтастары арасында атыс басталған. Күш құрылымдарының әрекетіне жауап ретінде Атамбаевтың жақтастары үйге кіріп, арнайы жасақ сарбаздарын кепілге алған. Жергілікті тұрғындар мен Атамбаевтың жақтастары арнайы жасақ сарбаздарына тас лақтырып, жағдай одан да ушыға түскен болатын. 

Кейінірек экс-президент операция барысында өзі де оқ атқанын мойындады. Бұл туралы ол журналистерге айтты.

"(...) Оқ ату арқылы қорғандым. Иә, операция кезінде оқ аттым. Жақтаушыларым үшінші қабатқа келіп қалғанда аттым, оларға тиіп кетпеуге тырыстым", - деген болатын экс-президент.


Атамбаевтың жақтастары мен жасақ қызметкері. © REUTERS/Vladimir Pirogov

"Өз халқыңа оқ атпа"

Келесі күні "Апрель" телеарнасында Атамбаев видеоүндеу жасап, оған жасалған шабуылдың заңсыз және Конституцияға қайшы екенін мәлімдеді.

"Кұш құрылымындағыларға айтқым келеді: өз халқыңа оқ атпаңдар, мұның соңы жаман болады", - деді экс-президент.

Сондай-ақ, Атамбаев мәлімдемесінде бейкүнә адамдардың зардап шеккеніне өкініш білдірді.

"Бүгін мені ұстап әкетпек болды, бірақ өкінішке қарай, бейкүнә халық зардап шекті. Себебі мені ұстау үшін олар  лаңкестікке қарсы "Альфа" арнайы жасаған жіберді. Біз террорист емеспіз. Мен де, халық та, үйімнің маңындағы адамдар да террорист емес. (...) Атамбаевтың аузын жабу үшін билік өз халқына оқ атуға дайын. Қарапайым халыққа, қырғызстандықтарға алғысым шексіз, олар жиналып, мені ұстап әкетуіне жол бермеді. Биліктегілерге ойлану керек, біз тізерлеп жүріп өмір сүретін халық емеспіз", - деген еді экс-президент.

Митинг өткізетінін мәлімдеді

Осы мәлімдемеден кейін Алмазбек Атамбаев митинг өткізуге ниетті екенін айтты.

"Бізді малға теңемес үшін, митингіге шығамыз. Кеше ұстауға әрекеттенді, билік бағытын өзгертті. (...) Менің үйім сот шешімі шыққанша мемлекет күзетінде, мұнда ешқандай күштің басып кіруге құқығы жоқ", - деді экс-президент.

Бішкектегі "Форум" ғимаратының маңында митинг ұйымдастырылды. Онда бұрынғы президенттің жақтастары жиналды, шамамен 500 адамдай келген. Наразылық шарасын ұйымдастырушылар арандатушылыққа еріп кетпеуге шақырды.

"Мемлекеттік төңкеріс жасауға дайындалған"

Қырғызстанның Мемлекттік Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы Орозбек Опумбаевтың айтуынша, Алмазбек Атамбаев пен оның жақтастары адамдарға, әсіресе әйелдер мен қарттарға ақша беріп жанында ұстаған. 

"Оныңмемлекеттік төңкеріске дайындалғанын ашық мәлімдеймін. Атамбаев шақыртуға келмейтінін айтқанда мен "Альфа" арнайы жасағын пайдалану туралы шешім қабылдадым", - деді Опумбаев.

Айтуынша, Атамбаевты ұстаудың бес нұсқасы дайындалған. Ол қолданылған нұсқа ең оңтайлы болғанын атап өтті.

                               © instagram.com/almazbek_atambaev_official

"Атамбаев штабына барлық ақпаратты бұрынғы министр Исраилов (ІІМ бұрынғы басшысы) және Сегізбаевтың (ҰҚК бұрынғы басшысы) қызметкерлері баяндап отырған. Олар бұл үшін ақша алған. Арнайы жасақ келе жатқаны туралы мәлімет Атамбаевқа жарты сағат бұрын жетіп отырған. Онда бірден әйелдер, балалар мен қарттар жиналды. Оған қан-төгіс, мемлекеттік төңкеріс қажет болды", - деген болатын Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы.

"Конституцияны өрескел бұзған Атамбаев"

Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков Атамбаевты ұстау операциясы жүріп жатқан демалыста болған. Алайда елде дүрбелең басталғаннан кейін президент Бішкекке келіп, Қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізген. Отырыстан соң президент Атамбаевтың бұл әрекетіне баға берді.

                                © 24.kg

"Алмазбек Атамбаев заң аясында жүргізілген тергеу операциялары барысында қарсылық көрсетіп, Қырғыз Республикасының Конституциясы мен заңдарын өрескел бұзды", - деген еді Сооронбай Жээнбеков.

Билікке берілуге көндірген кім?

Осы атышулы операциядан кейін Қырғызстанның Ішкі істер министрлігінің өкілдері ведомство басшысы орынбасарының жұмыстан шығарылғанын мәлімдеді. Қырғызстан БАҚ-тарында Курсан Асановтың 7-8 тамызда Атамбаевты ұстау кезіндегі тәртіпсіздіктер барысында міндетін дұрыс атқармағаны жайлы жазылды. Олардың айтуынша, осы дерек бойынша қызметтік тергеу жүргізілді.

                                Курсан Асанов. © 24.kg

Қызметтік тергеу қорытындысы бойынша Асановтың қырғыз милициясының мүддесін қорғамай, сатқындық жасап, сенімнен шыққандықтан қызметтен босатылатыны белгілі болды. Айта кетейік, Алмазбек Атамбаевты билікке берілуге көндірген дәл осы Курсан Асанов болатын. Осылайша, Қырғызстан прокуратурасының мәліметінше, Курсанов сатқындық жасағаны үшін және ішкі істер министрінің талаптарын орындамай, өз бетінше шешім қабылдағаны үшін жұмыстан шығарылды.

Қазіргі уақытта бұл іс Әскери прокуратураға жолданды.

Дау туғызған қызғылт пакет

Қырғызстанның бұрынғы президенті билікке берілуге келісімін берген кезде Атамбаев пен Асановтың ортасында тұрған қызғылт пакет Желіде қызу талқыланып жатыр.

Қолданушылар ішкі істер министрінің орынбасары Курсан Асанов "келіссөздер кезінде ақша, алтын және гауһар тастар салынған пакетті алып алды" деген видеолар таратып жатыр. Аноним видео авторларының айтуынша, Курсан Асанов келіссөздер барысында пакетті тергеушілерге заттай дәлел ретінде берудің орнына өзіне қалдырып қойған.

Бірақ Қырғызстанның социал-демократиялық партиясы төрағасының орынбасары Кундуз Жолдубаеваның қорғаушысы Замир Жоошев пакет бастапқыда Алмазбек Атамбаевтың адвокаты Сергей Слесаревке тиесілі болғанын айтады.

"8 тамызда бұрынғы президент Кундуз Жолдубаевадан құжаттар бар пакетті адвокатқа тапсыруын сұрады. Онда ақша мен бағалы заттар мүлде жоқ еді. Онда Алмазбек Атамбаевты қылмыстық істер шеңберінде қорғау үшін қажетті құжаттар болған. 8 тамызда үйден шыққан кезде пакетті Атамбаевтың оққағары алған. Содан кейін ол ҰҚК аумағында болды, өйткені Атамбаев сол жерге жеткізілген, оның жанында Кундуз Жолдубаева мен мемлекеттік күзет болған. Атамбаев ҰҚК-да қалды, ал Кундуз бен күзетшіні ІІМ ғимаратына жеткізді", - деген еді Замир Жоошев.

Оның айтуынша, жарияланған видеода  Кундуз Жолдубаева мен оққағар Қанат Сағымбаевтың көліктен шығып келе жатқаны және қызғылт пакеттің оқағардың қолында болғаны көрінеді. Ал ІІМ ғимаратына кірген соң ол пакет Жолдубаеваға тапсырылған.

Шетелдік БАҚ-тар не жазып жатыр?

REUTERS бірінші кезекте оқиға орнынан суреттер жариялады. Олар Қырғызстанның күш құрылымдарының экс-президентті өз үйінде қамауға алмақшы болып, нәтижесінде кем дегенде бір адамның қаза тапқаны жайлы жазған.

Ал "Коммерсантъ" тілшілері Қырғызстандағы саяси күрестің күшейгенін және онда басты себепкер Алмазбек Атамбаев екенін жазған. Сондай-ақ, басылым экс-президентті ұстау операциясы қалай жүргенін де хабарлаған.

Washington Post болса, Алмазбек Атамбаевтың үйіне баса-көктеп, оны ұстау барысында бір адамның қаза тапқаны жайлы ғана жазған. The New York Times Қой-Таштағы жағдайдың хронологиясын, ұстау операциясының мән-жайын баяндаған. Ал РИА Новости, экс-президент Алмазбек Атамбаев пен президент Сооронбай Жээнбеков арасындағы даудың неден шыққанын еске алған. Ресейлік журналистер Атамбаевтың күрессіз билікке берілмеймін деп ескеркенін жазған. 

Жалпы алғанда әлемдік БАҚ өкілдері Қырғызстандағы арнайы жасақ қызметкерлерінің әлсіздігін айта отырып, елдегі жағдай әрі қарай қандац болатынын болжай алмайтындарын жазады.

Оқи отырыңыз:

Атамбаевты ұстауға талпыныс: Оқиғаның хронологиясы

Атамбаевты ұстау: Ыстықкөлдегі қазақстандық туристерге қауіп бар ма?

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer