ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
21 октября 2019 | 15:25

Түрікменстан халқы нан үшін кезекке тұрады деген ақпараттар рас па?

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© fergananews.com © fergananews.com

Түрікменстан тұрғындары үшін азық-түлік алуға кезекке тұру қалыпты жағдай секілді көрінеді. Елде кезек көбіне мемлекеттік дүкендерде болады. Себебі жекеменшік дүкендерде сауда жасауға жергілікті тұрғындардың қалтасы көтере бермейді. Түрікменстан - шетел журналистері мен сарапшылары үшін жабық ел. Сондықтан елде азық-түлікке қатысты нақты не болып жатқаны белгісіз. Ал елдің ресми БАҚ өкілдері азық-түлікке байланысты тапшылық жоқ екенін жазған. Түрікменстандағы азық-түлік тапшылығына шолу Tengrinews.kz тілшісінің материалында. 

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Түрікменстан тұрғындары үшін азық-түлік алуға кезекке тұру қалыпты жағдай секілді көрінеді. Елде кезек көбіне мемлекеттік дүкендерде болады. Себебі жекеменшік дүкендерде сауда жасауға жергілікті тұрғындардың қалтасы көтере бермейді. Түрікменстан - шетел журналистері мен сарапшылары үшін жабық ел. Сондықтан елде азық-түлікке қатысты нақты не болып жатқаны белгісіз. Ал елдің ресми БАҚ өкілдері азық-түлікке байланысты тапшылық жоқ екенін жазған. Түрікменстандағы азық-түлік тапшылығына шолу Tengrinews.kz тілшісінің материалында. 

"Ұн сатып алу үшін алдын ала тізімге жазылады"

Елден репортаж жасаған бірқатар басылымның мәліметінше, Түрікменстанда азық-түліктің тапшылығына байланысты жергілікті тұрғындар бір ай бойы кезекте тұрады. Ол аздай түрікменстандықтар ұн сатып алу үшін алдын ала тізімге жазылуы керек екен. Елдегі қиын жағдайдың бірі Марый уәлаятында тіркелген. Бұл елді мекендегі мемлекеттік дүкендердің сатушылары тұрғындарды келесі айға тізімге жаза бастаған. 

Марый уәлаяты тұрғындары ұнды жекеменшік дүкендерден де ала алады. Алайда оны сатып алуға барлығының қалтасы көтере бермейтін көрінеді. Себебі ұнның бағасы бірнеше есе қымбат. Мәселен, мемлекеттік дүкендердегі ұн бағасы 1 манат (шамамен 228 теңге) болса, жекеменшік дүкендерде 5-6 манат (шамамен 1368 теңге) екен. 50 келі ұнды түрікменстандықтар 270 манатқа (61 560 теңге) алуға мәжбүр. 


Сурет ашық интернет көздерінен

Елдегі азық-түлік тапшылығы биыл жазда өрши түскен. Оны қаңырап қалған дүкен сөрелерінен аңғаруға болады. Сарапшылардың сөзінше, елдегі бұл ахуал экономикалық дағдарысқа байланысты. Ал билік өкілдері бұл мәселені ресми түрде растамаған және еш пікірсіз қалдырған. 

"Азық-түлік тапшылығы" неден туды?

Жеке қауіпсіздігі үшін аты-жөні жасырын қалғанын қалаған ашхабадтық тілші елде шын мәнінде азық-түлік тапшы екенін айтқан. Оның сөзінше, Түрікменстан астанасында мемлекеттік дүкенде жұмыртқа сатып алу үшін 30-35 адамға дейін кезекте тұрады. Оның өзі 10-12 адамға ғана жеткен.

Елдегі экономикалық дағдарыс Түрікменстанның "Газпроммен" жасалған келісімшарттың бұзылуына байланысты болған дейді кей сарапшылар. Олар ең ірі клиенттерінің бірі - Ресеймен және Иранмен "сөзге келіп қалған-мыс". 2016 жылы ресейлік тарап кейбір олқылықтарға байланысты түрікмен газын тасымалдаудан бас тартқан.

Келісімшарт 2019 жылы сәуірде қайта қалпына келтірілген. Газ қоры бойынша төртінші орында тұрған елдегі экономикалық дағдарысқа, БАҚ мәліметінше, келісімшарттың бұзылуынан туған газ өндірісіндегі шығынмен қоса гиперинфляция да әсер еткен.


Түрікменстандағы нан кезегі © facebook.com/fergananews

Нәтижесінде бұрынғы президент Сапармурат Ниязовтың түрікменстандықтарға уәде еткен елді "екінші Кувейт" қылатыны бос сөз болып қалған. Ірі сатып алушыларынан айырылып қалған елде жоқтық пен азық-түлік тапшылығы пайда болып, тегін электрэнергия, су және газбен қамтамасыз ету тоқтатылған. Азық-түліктің тапшылығына бірнеше жыл егінсіз жатқан жер алқаптары да себеп болған.

Алайда биыл Гурбангулы Бердымухамедов "Газпром" мен Иранмен "достасып", араға үш жыл салып Ресеймен де байланысын қалпына келтірген. 

Биыл 27 қазаннан қыркүйекке ауысқан Тәуелсіздік күніне орай азық-түлік артығымен келген. Алайда оның өзі жергілікті тұрғындарға жетпеген деген қауесет тараған. Елде бензин тапшылығы да жоқ емес. Бензин тапшылығы Ашхабад пен Гөкдепте тіркелген. 

"Үш жыл бұрын халық тек темекі кезегіне тұрған"

Екі жыл бұрын елде нан өнімдері жеткілікті болған. Адамдар кезекке темекі алу үшін ғана тұрған. Ал нанды кім, қанша алғысы келсе, сонша көлемде сатып алып отырған. Кейіннен елде ақша айырбастауда мәселе туындаған. Себебі Түрікменстанда долларды бейресми курс арқылы ресми бағамға қарағанда бес есе айырмашылығы бар қара нарықтан сатып алуға болады. Тиісінше, Қазақстаннан ұн тасымалдайтын түрікменстандық кәсіпкерлер импортты тоқтатқан. Түрікменстанда ұн жоқ емес, бар. Алайда оның сапасы нашар болғандықтан тұрғындар одан өнім жасау мүмкін емес екенін айтқан. 

Яғни импортталатын өнімдердің саны елдегі валюта тапшылығының салдарынан қысқарған. Бұл өз кезегінде азық-түлік санының азаюына себеп болған. Себебі, ұннан не өсімдік майынан өнім жасау үшін тек шикізат қана емес, сонымен қатар, технологиялық жабдықтарды жаңартып, қажетті ингредиенттерді сатып алу қажет болған. 


Сурет ашық интернет көздерінен

"Азық-түлік тауарларын неліктен жекеменшік дүкендерден сатып ала бермеске?" деген сауал туындауы мүмкін. World Economic Situation and Prospects 2019 баяндамасына сенсек, бұл елде 2018 жылы жұмыссыздардың үлесі 3,3 пайызға тең болған, алайда бейресми дерек бойынша Түрікменстанның 60 пайыз тұрғыны жұмыссыз. Неліктен бейресми? Себебі, елде соңғы рет халық санағы 2012 жылы өткен. Бірақ сол жылғы санақтың қорытындысы әлі күнге дейін шықпаған.

Оған қоса көптеген халық күнкөріс нашарлағандықтан елден кете бастаған, яғни еңбек көші-қоны тіркелген. Өзбекстан мен Қырғызстандағы жұмыссыз адамдар Ресейге барып бас сауғаласа, түрікменстандықтар Түркияға кетеді екен. Себебі, Түрікменстан тұрғындары Түркияға ғана визасыз кіре алады. Сондықтан түрікменстандықтар түрік елінде заңсыз қалып, жұмыс істей алады екен.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.36  course up  546.44  course up  5.14  course down

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer