ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
02 августа 2021 | 14:33

"Ұлттық апат". Түркиядағы орман өртіне кім кінәлі?

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Бес күннен бері Түркияның оңтүстігін алапат өрт шарпыды. Тілсіз жау әлі күнге дейін сөндірілген жоқ. Бүгінде өрттен 8 адам қайтыс болғаны белгілі. Тағы 800-ден аса адам зардап шеккен, жергілікті тұрғындар мен туристер эвакуацияланды. Елдегі орман өрті жайлы не белгілі? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі материалында. 

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Бес күннен бері Түркияның оңтүстігін алапат өрт шарпыды. Тілсіз жау әлі күнге дейін сөндірілген жоқ. Бүгінде өрттен 8 адам қайтыс болғаны белгілі. Тағы 800-ден аса адам зардап шеккен, жергілікті тұрғындар мен туристер эвакуацияланды. Елдегі орман өрті жайлы не белгілі? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі материалында. 

Бүгінге дейін не белгілі?

28 шілдеде Анталия провинциясы губернаторының әкімшілігі Манавгат ауданында орман өрті басталғанын хабарлады. Бастапқыда өртті сөндіруге екі ұшақ, 19 тікұшақ пен 192 өртсөндіру көлігі жұмылған. Бірақ аптап пен желдің салдарынан өрт күшейе бастады. Артынша Түркияға көмекке Ресей мен Украина келді: "Известия" мәліметінше, екі елден 4-5 ұшақ пен 45 тікұшақ жұмылған. 

Ең сорақысы өрт айналасында тұрғын үйлер мен қонақүйлер тұрған орманнан шыққан. Аймаққа демалуға келген туристер келесі күні бірден эвакуацияланды.

Өрт 17 провинцияны шарпыды. Түркия президентінің өкілі Ибрагим Калын елдегі алапат өртті "ұлттық апат" деп таныған.

Фото: Reuters

Бірақ 30 шілдеге қарай жағдай жақсара бастады: бірнеше аудандағы өрт сөндіріліп, қызметкерлер тек 6 провинциядағы өртті сөндірумен айналысты. Алайда ауыл және орман шаруашылығы министрі Бекир Пакдемирли өрт бақылауға алынды деп мәлімдеу әлі ерте екенін айтты.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от EDELER ŞEHRİ?? KAHRAMANMARAŞ?? (@edelersehri_)

Өрт неден шықты?

Екі күн бұрын, 31 шілдеде түрік билігі елдегі орман өртінің негізгі себебі әдейі өрт қою болуы мүмкін екенін айтқан болатын.

"Біз өрттің шығу себебін мұқият тергеп жатырмыз. Егер өз отанын өртеп жіберуге қауқарлы болған сатқындар болса, оларға ең қатал жаза қолданылады", - деді ел президенті Режеп Ердоған.  

Фото: Reuters

РИА Новости мәліметінше, бір күннен кейін Ердоған өртті шығарған күдікті ұсталғанын мәлімдеді.

"Миласте бір күдікті ұсталды. Егер бұл қаскүнемдік болса, кінәліні жазалау - біздің міндетіміз", - деді Ердоған.

Артынша биліктің күмәні расталды: орман өрті расында қолдан жасалған болып шықты. Бірақ өртті шығарған "сатқындар" емес, террористер болып шыққан. Кеше, 1 тамызда Түркияда террористік деп танылған Күрдістан жұмысшы партиясы (КЖП) ұйымының бөлімшесі әлеуметтік желіде елдегі өртке жауапты екенін жазған.

"Түрік режимі басқа тілді түсінбейінше өрт арқылы тізе бүктіретін кез келді", - делінген хабарламада. 

Фото: Reuters

Yeni Safak газетінің мәліметінше, "От балаларының бастамасы" тобы елде 1990 жылдан бері орман өртін жасап жүрген.

Өрттен зардап шеккендердің үйі бір жылдың көлемінде қайта салынады. Бұл туралы ел президенті Режеп Ердоған айтқан болатын.

Оның сөзінше, тұрғындарға материалдық көмекпен қоса пайызсыз несие беріліп, бұған дейін алған несиелері жабылады. Одан бөлек, жылыжай мен үй жануарларынан айырылғандар да көмексіз қалмайды.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer