Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
23 августа 2023 10:00

"Өмір сүргіміз келеді". Риддер тұрғындары петиция дайындап жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: pixabay.com Фото: pixabay.com

Риддер тұрғындары ауа сапасы күрт нашарлағанын айтып, петиция дайындап жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.


Риддер тұрғындары ауа сапасы күрт нашарлағанын айтып, петиция дайындап жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Экология бұзылды деп шағым білдіргендер тез арада нақты шаралар қабылданбаса, тыныс алу қиындап кеткенін жеткізді.

Тұрғындардың сөзінше, кейінгі уақытта Риддер маңында ауа түсі өзгеріп, халық жиі жөтеледі. Олар жағдай бұлай ушыққанын Өскемендегі зауыттардан бөлінетін зиян қалдықтармен байланыстырды.

"Экология қалай нашарлап бара жатқанын көрсету үшін биік жоталардың ең басына әдейі көтерілдім. Өскемендегі кәсіпорындардан шығатын түтін Риддерге дейін жетеді. Дем алу мүмкін емес. Біздің өмір сүргіміз келеді", - деді қала тұрғыны, қоғам белсендісі Ольга Шанталь.

Риддер мен Өскеменнің арасы - 127 шақырым. Кейбір тұрғын мұндай қашықта зиян қалдықтар жетуі екіталай десе, кейбіреулер құжат әзірлеуден ешнәрсе өнбейтінін алға тартты.

"Қазцинк, ҮМЗ, Өскемен ЖЭО сияқты алпауыт кәсіпорындардың өңір экономикасына зор табыс әкеліп жатқанын жасырмаймыз. Бірақ азот диоксиді, мырыш, фенол, хлор, формальдегид және тағы басқалары шекті рұқсат етілген концентрациядан көп бөлінеді. Қаламызда 170-ке жуық ластаушы компонент бар. Шығыс Қазақстан облысы бойынша жыл сайын қатерлі ісіктің 2500-ге жуық жағдайы тіркелсе, 13,5 мыңнан аса онкологиялық науқас диспансерлік есепте тұр. 2022 жылғы дерекке сүйенсек, қолайсыз метеорологиялық жағдайлар тіркелген күндер саны 90 тәулікке жетсе, ауа ластанған кезі қаңтар, ақпанда 22 күнге созылды. Тоқ етері, аймақ халқы жылына 90-100 күндей түрлі зиян қалдық араласқан ауаны жұтады", - делінген құжатта.

Петицияға қол қою қыркүйектің 10-на дейін жалғаспақ.

Ресми ақпаратқа сәйкес облыстық Экология департаменті жағдайдан хабардар. Олар бұл мәселе қай кәсіпорыннан шығып жатқанын анықтауға кіріскен.

Еске салайық, бұған дейін Риддер қаласында өзенге құйылған сұйық тұрғындарды алаңдатып отырғаны хабарланған еді.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 443.66   490.7   4.89 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети