Токио Олимпиадасында Қазақстан қоржынына алғашқы жүлдені салған дзюдошы Елдос Сметовті қазақстандықтар қошеметпен қарсы алды. Әуежайда Олимпиада ойындарының екі дүркін жүлдегеріне автокөлік сыйға тартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жетінші арнадағы "Оян, Qazaqstan!" бағдарламасына сілтеме жасап.

Қазақстандықтар Сметовті әуежайдан шашу шашып күтіп алды. Жанкүйерлер Елдосқа арналған түрлі плакат алып шыққан. Күтіп алушылар арасында спортшының алғашқы бапкері де бар.
"Міне, нағыз чемпион. Менің алғашқы жаттықтырушым. Кішкентайымнан өз баласындай көріп, алақанына салып өсірген менің бапкерім", - деді дзюдошы.
Сонымен қатар, әуежайда Елдос Сметовке жаңа автокөліктің кілті табысталды.
"Алтын" армандап барсам да, бұйырғаны "қола" болды. Оған да қатты қуандым. Өйткені күллі қазақ мен үшінші орын алғанда "Елдостың қоласы бізге алтыннан артық" деп жар салды. Енді міне құшақтарын ашып күтіп алып жатыр. Бұдан артық бақыт бар ма?" - деді Елдос Сметов.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында Елдос Сметов 2024 жылы өтетін Париж Олимпиадасына қатысу туралы ойын айтты.
"Шынымды айтсам, мен үшін төртжылдықтың жарысы енді аяқталды. Сондықтан әлі өз-өзіме келіп үлгермедім. Қазір демалыс алып, денсаулығымды түзеймін. Осыған дейін жиналып қалған жарақаттарымды емдеймін. Егер бәрі жақсы болып, күресуге мүмкіндік болып жатса неге ел үшін, жер үшін күреспеске? Спорттық карьерамдағы басты арманым - Олимпиаданың алтынын алу", - деді ол.
Сұхбаттың толық нұсқасын мына жерден оқи аласыздар.
Еске салайық, Елдос Сметов 2020 жылғы Олимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына алғашқы медальді салған болатын.