ОЦЕНИТЕ РАБОТУ АКИМА
25 июня 2020 | 12:53

Мағжан Жұмабаев "жапон тыңшысы" деген айыпқа не деп жауап берген?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүгін ақын, Алаш қозғалысының қайраткері Мағжан Жұмабаевтың туған күні. Ол 1893 жылы 25 маусымда Солтүстік Қазақстан облысы, қазіргі Мағжан Жұмабаев ауданы, Сасықкөл жағасында туған. Tengrinews.kz тілшісі ақынның өмірін баяндайды.


Иконка комментария блок соц сети

Бүгін ақын, Алаш қозғалысының қайраткері Мағжан Жұмабаевтың туған күні. Ол 1893 жылы 25 маусымда Солтүстік Қазақстан облысы, қазіргі Мағжан Жұмабаев ауданы, Сасықкөл жағасында туған. Tengrinews.kz тілшісі ақынның өмірін баяндайды.

Ақынның азан шақырып қойған есімі - Әбілмағжан

Маған Жұмабаевтың әкесі Бекен саудамен айналысқан дәулетті адам болған екен. Анасының есімі - Гүлсім. Мағжан ауыл молдасынан сауатын ашып, 1905-1910 жылдары Қызылжардағы №1 мешіт жанында белгілі татар зиялысы, мұсылман халықтарының азаттығы жолында күрескен Бегишевтің ұйымдастыруымен ашылған медреседе оқыды. Медреседе Бегишевтен Шығыс халықтарының тарихынан дәріс алды, қазақ, татар әдебиеттерін, Фирдоуси, Сағди, Хафиз, Омар Һайям, Низами, Науаи секілді шығыс ақындарының дастандарын оқып үйренді.

"Жапон тыңшысы" деген жаламен тұтқындалған

Мағжан Жұмабаев 1917 жылы Ахмет Бай­тұрсынов, Әлихан Бөкейханов, Міржақып Дулатов бас­таған және қазақ интеллигенциясының өкілдерінің басын қосқан "Алаш" қозғалысына қосылған. Сол уақыттарда еліміздің білім беру жүйесін негіздеуге бай­ланысты оқулықтар жазған ол алаш­ордашылар қатарында жүріп, үлкен ағарту жұмыстарын атқарды. Мәскеудің Әде­биет институтында білім алған ақын сол кездегі саяси құрылымның кемшіліктерін көріп, пікірін ашық айтып, өз ұстанымынан танбаған. Сол үшін де оны большевиктер аямаған. Бірнеше рет түрмеге қамаған. Алғашында 1918 жылы алты айға қа­мал­ды. Ал екінші рет 1929 жылы 10 жылға сотталып кеткен. Оның жеті жылын Соловецк концлагерінде өткізген екен. Сосын орыс жазушы, прозаик, драматург Максим Горький араласып, 1936 жылы бостандыққа шықты. Бірақ арада бір жыл өткеннен кейін 1937 жылдың 30 жел­тоқ­са­нын­­да "жапон тыңшысы" деген жаламен қай­та тұтқындалып, артынша ең ауыр жа­за­ға кесілген екен.

Мағжан өмір­баянын зерттеуші Шериаздан Елеукеновтің abai.kz порталында айтылған әң­гі­месінде өзіне тағылған айыпқа ақын:

"Мен өмірімде тірі жапонды көрген адам емеспін. Оның үстіне, өзім 1930 жылдан 1936 жылға дейін Сібірде, ит­жек­кенде болдым. Жапонның барлау қыз­ме­тімен қай уақытта байланыс орнатып үл­ге­ре­мін?", - деген екен.

Алайда тұтқындалған соң алты күннен кейін түр­меде көрсетілген зорлық-зомбылық нәти­жесінде:

"Жа­понияның пайдасына тың­шы­лық жа­сау­мен 1919 жылдан 1929 жылға дейін ай­налыстым. Тыңшылық жұ­м­ы­сым­ды 1936 жылдан бастап қайта жал­ғас­тыр­дым. Кеңес өкіметі алдындағы күнәмді жуу мақсатында кінәмді мойындаймын", - деп айтуға мәжбүр болған екен. 

Мағжантанушы Бақыткамал Қанарбаева Жұмабаев 1912 жылдан бастап қуғынға ұшырағанын айтады. 

"Сөйтіп, өмірнің соңына дейін қуғын-сүргіннің құрбаны болды. Бірақ көрген қиындықтарына қарамастан өзін байсалды және мәдениетті ұстаған. Мен оның барлық ғұмыры мен еңбектерін зерттей келе түсінгенім - Мағжанды тани отырып, қазақтың кім екенін тануға болады. Ол тарихымызды жандандырды. Ұмыт қалған санамызды оята білді. Оған айғақ шығармалары", - дейді ол. 

Айта кетейік, 1938 жылы Мағжан Жұмабаев 44 жасында репрессияға ұшырап, атылған. Ақын алғашқы өлеңінен бастап әлеуметтік тақырып, ағартушылық, ұлт-азаттық, демократияшыл бағытты ұстанған. Ол Абай Құнанбайұлын пір тұтқан. Сондай-ақ ол аударма жұмысына көңіл бөліп, осы арқылы халқыны ағартушылық жұмыстарын жүргізсем деп ойлаған. Ақын Гете, Лермонтов, Горький сынды ақын-жазушылардың шығармаларын қазақ тіліне аударған. Сондай-ақ мектеп оқушыларына және мұғалімдерге арнап "Педагогика" еңбектерін жазған.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Курс валют

 498.59   521.12   4.87 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети