ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
14 ноября 2019 | 15:55

"Жалақы 101 мыңнан кем болмауы тиіс". Бес жылға жалға берілетін пәтерді қалай алу керек?

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© pixabay.com © pixabay.com

Бүгінде жастарға баспаналы болуға мүмкіндіктер беретін мемлекеттік бағдарламалар бар. Солардың бірі - сатып алу құқығынсыз 5 жылға жалға берілетін тұрғын үйлер. Осылайша, баспананы арзан бағаға жалдау арқылы жастар өз пәтеріне қажетті ақшаны жинауға мүмкіндік алады. Ол пәтерлерді алудың шарты қандай? Конкурсқа кім қатыса алады? Еліміздің қай өңірлерінен алуға болады? Tengrinews.kz тілшісі осы сұрақтардың жауабын анықтап көрді. 

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Бүгінде жастарға баспаналы болуға мүмкіндіктер беретін мемлекеттік бағдарламалар бар. Солардың бірі - сатып алу құқығынсыз 5 жылға жалға берілетін тұрғын үйлер. Осылайша, баспананы арзан бағаға жалдау арқылы жастар өз пәтеріне қажетті ақшаны жинауға мүмкіндік алады. Ол пәтерлерді алудың шарты қандай? Конкурсқа кім қатыса алады? Еліміздің қай өңірлерінен алуға болады? Tengrinews.kz тілшісі осы сұрақтардың жауабын анықтап көрді. 

Айта кетейік, өтініштер 1 -12 қараша аралығында қабылданды. Ай сайынғы төлем орташа есеппен 5-15 мың теңге аралығында болады деп жоспарланып отыр. Жеңімпаздар желтоқсанда анықталады. Өткендердің тізімі zhilfond.kz сайтта жарияланады. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "Тұрғын үй қорының" сайтындағы мәліметтерге сүйенсек, елордада биыл жалға берілетін пәтерлер саны- 1050 (202 екі бөлмелі және 848 бір бөлмелі). Ал келесі конкурс 2020 жылдың басында өткізіледі.

Конкурсқа кімдер қатыса алады?

"Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша берілетін баспанаға ие болу үшін, ең алдымен, үміткер 29 жасқа толмаған, жұмыс істейтін Қазақстан азаматы болуы керек. Сондай-ақ, жалпы орта білім беретін мектептердің, техникалық және кәсіптік ұйымдардың, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беретін оқу бағдарламаларын меңгерген болуы тиіс.

Нұр-Сұлтанда, Алматыда және Шымкентте тұрғылықты жері бойынша соңғы 2 жылдан кем емес тұрақты тіркеуі болуы қажет (тек осы қалаларда тұрғын үй алуға үміттенетін адамдар үшін).


Жалға берілетін үйлердің құрылысы. © Tengrinews.kz

Үміткердің орналасқан жері бойынша жергілікті атқарушы органның анықтамасымен расталатын апат жағдайындағы, құлау қаупі бар тұрғын үйді қоспағанда, өтініш берушінің, жұбайының, балаларының өтініш берер алдында 2 жыл ішінде меншік құқығындағы тұрғын үйі, сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үйі болмауы керек.

Сондай-ақ, кірісі 101 мың теңгеден кем болмауы тиіс.

Мемлекеттік бағдарлама өкілдерінің айтуынша, биыл жұмыс істейтін жастарға елордадан 1050, Алматыдан 1050 және Шымкенттен 904 пәтер жалға беріледі.

"Айына 10-12 мың теңге". Алматылық жастар қандай бағдарламамен баспана ала алады?

Жалға берілетін пәтер. © Tengrinews.kz

Шарттары қандай?

Бес жылға жалға берілетін пәтерлердің басты ерекшелігі мемлекет ол баспананы сатып алуға, яғни жеке меншікке аударуға рұқсат бермейді және де конкурсқа қатысатын адам міндетті түрде жұмыс істеуі керек. Бұл ең басты шарттар.

- 29 жасқа толмаған Қазақстан азаматы; (29 жасқа дейін, құжаттарды тапсыру және өтінімдерді қарау кезінде, яғни 2019 жылдың 6 желтоқсанына дейін);

- аяқталған орта/орта-арнайы/жоғары/жоғары оқу орнынан кейінгі білім және ресми жұмысқа орналасу;

- Нұр-Сұлтан қаласында соңғы 2 (екі) жылдан кем емес тұрақты тіркеуі; (кімде уақытша тіркелген / басқа қалада тұрақты тіркелген / тұрақты тіркелген, бірақ 2017 жылдан бастап 2019 жылға дейінгі кезеңде емес/ 2017 жылдан бастап 2019 жылға дейінгі кезеңде тұрақты тіркелген, бірақ қандай да бір себептермен үзілістер болса, ол өтпейді);

- өтініш берушінің және оның барлық отбасы мүшелерінің ҚР бойынша меншік құқығында тұрғын үйдің, сондай-ақ 2 (екі) жыл ішінде сатып алу құқығымен жалға алу тұрғын үйінің болмауы;

- төлем қабілетін растау (өтініш берушіде соңғы 6 айда ай сайынғы табыс кемінде 101 000 теңге). 

Қандай құжаттар қажет?

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "Тұрғын үй қорының" сайтындағы мәліметтерге сүйенсек, конкурсқа қатысу үшін мына құжаттарды дайындау қажет: 

- Электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) кілті;
- Жеке куәліктің көшірмесі;
- Дипломның көшірмесі;
- Неке қию туралы куәліктің көшірмесі;
- Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
- Өтініш берушіге және отбасы мүшелеріне ҚР бойынша жылжымайтын мүліктің жоқтығы туралы анықтама;
- Жұмыс орнынан анықтама;
- Соңғы 6 айдағы табысы туралы анықтама;
- Еңбек өтілін растайтын құжаттар;
- Банк шотының болуы және нөмірі туралы анықтама;
- Банк шоты бойынша ақшаның қалдығы мен қозғалысы туралы үзінді. (Сіз кез келген шот бойынша үзінді көшірмені ұсына аласыз, бірақ ұпайлар тек депозиттік шоттар үшін ғана есептеледі;
- Өтініш берушінің жеке жетістіктері туралы құжаттар (мадақтама, марапаттар және өз қызметі саласындағы басшылықтан алғыс хаттар).

Мембағдарлама арқылы баспана алу үшін жалақы қанша болуы керек?


Жалға берілетін үйдің ауласы. © Tengrinews.kz

Жеңімпаздарды қалай анықтайды?
 

Өтініштері бойынша ең көп балл жинағандар жеңімпаз болады. Балл былай есептеледі:

-  нарыққа аса қажет 100 мамандық тізіміне сәйкес мамандықты меңгерген өтініш берушіге - 10 балл;
- отбасы болған жағдайда - бес балл, тіркелген некенің әр жылы үшін екі балл;
- бір бала болған жағдайда - бір балл, әрбір келесі бала үшін - екі балл;
- кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде кемінде бір жыл - бес балл, әрбір келесі жыл үшін - бір балл.
- әртүрлі қызмет салаларында өтініш берушінің жеке жетістіктері болған жағдайда - екі балл;
- бюджеттік ұйымдарында (мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындарда) еңбек қызметі үшін - бес балл, әр жыл үшін - бір балл;
- екінші деңгейдегі банктердегі жинақ шоттарындағы (депозиттеріндегі) жинақтардың әрбір жылы үшін екі балл беріледі.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course down  543.16  course down  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer