Мембағдарлама арқылы баспана алу үшін жалақы қанша болуы керек?

24 Қазан, 11:16
6
Мембағдарлама арқылы баспана алу үшін жалақы қанша болуы керек? - © Тұрар Қазанғапов
© Тұрар Қазанғапов

Бүгінде қолма-қол қаражатқа пәтер алуға кез келгеннің қалтасы көтере бермейді. Мұндай жағдайда баспананы ипотекаға не бірнеше жыл бойы қаражат жинап алып жатамыз. Баспана алуға арналған бағдарламалар көп болғанымен олардың қайсы тиімді әрі ұтымды екенін біле бермейміз. Бұл туралы пәтер алудың тиімді жолдарын үйретіп жүрген сарапшы әрі блогер Дәулет Мұқаев Tengrinews.kz тілшісіне айтып берді.

Баспана алуға тиімді бағдарламалар

Баспаналы болу - қазақстандықтардың күн тәртібіндегі басты мәселе деуге болады. Сарапшының айтуынша, баспана алу жағынан "7-20-25", "Баспана Хит" және "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" бағдарламалары тиімді екен.

"7-20-25" бағдарламасы бойынша үй алатын болсаңыз, отбасы мүшелерінің жалақыларын қосқанда орташа жалақы 300 мыңнан асуы керек. Ол - үйдің бағасына байланысты. Өз атыңызда үй болмауы керек. Мәселен Нұр-Сұлтанда салынып жатқан үйлердің шаршы метрі 320-380 мың теңге", - дейді сарапшы.

Мұқаевтың сөзінше, "7-20-25" бағдарламасымен баспана аламын деушілерге бүгінгі нарықта 8 банк бар. Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтау, Атырау және Шымкент қалалары үшін 25 миллион теңгеге дейін үй беріледі.

"Негізінен сіз қай банкке барсаңыз да 7 пайыз болады. Ал уақыт жағынан статистикаға қарайтын болсақ, кейбір екінші деңгейлі банктерге барған абзал. Өйткені арасында 2-3 күнде мақұлдайтын банктер де бар", - дейді Мұқаев.

Сарапшы бүгінде "5 жыл бойы басыңда жылжымайтын мүлік болмауы керек" деген талап "Нұрлы жер" ипотекалық бағдарламасы аясында күшін жойғанын атап өтті.

"Тек "Бақытты отбасы", "Әскери баспана" сияқты кезек арқылы берілетін үйлерде 5 жылға дейін мүлік болмауы керек деген заң қалды. "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша да бұл талап енді жоқ. Бірақ "Нұрлы жер" үшін екі жыл сол қалада тіркеуде тұру керек деген шарт өзгеріссіз қалды" - дейді Дәулет Мұқаев.

Жалақыңыз 100 мың теңге болса...

Сарапшы "7-20-25" - мемлекеттік бағдарлама емес екенін айта кетті.

"Шын мәнінде бұл ешқандай мемлекеттік бағдарлама емес. Ол - "Ұлттық банктің" бағдарламасы. 10-25 миллион аралығында тек жаңа үйлерден аласыз. Бізде мемлекеттік бір ғана бағдарлама бар. Ол - "Нұрлы жер", - дейді блогер.

Банктерден "7-20-25" бағдарламасы бойынша үй алар кезде мына нәрсені естен шығармаңыз:
Банк сізге ай сайын 250 мың теңге төлеуіңізді мақұлдауы үшін сіздің қолға алатын ресми жалақыңыз шамамен 500 000 теңге болуы керек.


Иллюстрация © areal.spb.ru

"Кейбіреулері "Менің жалақым - 100 000 теңге. Егер ипотекаға үй алатын болсам, банк маған келісім бере ме?", - деп сұрайды. Ай сайын 100 000 теңге төлейтін болсаңыз, жалақыңыз 200 000 теңге болуы керек. Бұл жағдайда жалақысы көп туысыңыз не жақыныңыз сізге кепіл бола алады. Бірақ оның да көп баласы болмауы керек. Өйткені күнкөріс жалақысы кісі басына есептеледі", - дейді Мұқаев.

Ипотекаға алған пәтерді жалға беруге бола ма?

10 миллион теңгенің үйін аламын десеңіз...

Банктердің үй беру жүйелерін салыстырмалы түрде алып, мысал ретінде 10 миллион теңгенің үйін қарастырып көрсек.

"Негізінен банктер пайда табу мақсатында бағдарламалар шығарады. Мысалы "Банк Центр кредитте" "Стандарт" деген бағдарлама бар. "Ұлттық банктің" бағдарламасы - "7-20-25" және "Баспана Хит". 10 миллионның үйін 10 жылға "7-20-25" бағдарламасымен алсаңыздар, артық төлем шамамен 3,9 миллион. "Баспана Хит" бағдарламасы бойынша артық төлем шамамен 7,1 миллион. "Орда" бағдарламасымен алатын болсаңыздар, артық төлем - шамамен 7,7 миллион", - дейді сарапшы.


Иллюстрация © orinfo.ru

Айта кетейік, "Орда" - "Қазақстан ипотекалық компаниясына" тиесілі бағдарлама.

Ипотеканы қалай тез әрі тиімді жабуға болады?

Ислам банктері баспананы пайызсыз беретіні рас па?

"Ислам банктері "пайыз жоқ, барлығы халал, комиссия жоқ" деп сендіріп, жарнаманы жақсылап береді. Келісемін, бірақ олар үйлердің бағасын қымбатқа ұстайды. Мысалы, 10 миллионның үйін 15 миллионға сатады. Пайызы жоқ болса да, үстінен 5 миллион пайда көріп отыр", - дейді Дәулет Мұқаев.

Дәл осылай 10 миллионның үйін "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде" 3 жыл бойы шартты түрде жинап келсеңіздер, банк 5 пайызбен үй берсе, 6 жылға 800 мың теңге артық төлем төлейсіз. 

Иллюстрация © pixabay.com

Айта кетейік, бүгінде пәтер алуға арналған мемлекеттік деңгейдегі бір ғана бағдарлама бар. Ол - "Нұрлы жер" бағдарламасы. Оған "Бақытты отбасы" және "Әскери өнім" бағдарламалары да кіреді. Ал Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің бағдарламаларына "7-20-25" және "Баспана хит" бағдарламаларын жатқызуға болады. Сарапшының сөзінше, негізгісі аталған үш бағдарлама ғана. 

Маман баспананы жылдың қай мезгілінде сатып алу керек екенін айтты

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (6)
Читают
Обсуждают
Сегодня
Неделя
Месяц