КРУШЕНИЕ САМОЛЕТА БЛИЗ АКТАУ: ХРОНИКА АВИАКАТАСТРОФЫ
22 января 2021 | 12:26

Зейнетақы төлемі арқылы алған үйді 5 жыл ішінде сатуға бола ма? "Отбасы банк" жауабы

Рахила Тлеуова
Рахила Тлеуова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: Тұрар Қазанғапов Фото: Тұрар Қазанғапов

5 жыл ішінде біржолғы зейнетақы төлемі арқылы алған үйді сатуға бола ма? Бұл сұраққа "Отбасы банк" өкілі Расул Рамазанов жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

5 жыл ішінде біржолғы зейнетақы төлемі арқылы алған үйді сатуға бола ма? Бұл сұраққа "Отбасы банк" өкілі Расул Рамазанов жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"5 жылдың ішінде тек қана банк арқылы немесе банк өзі сатып жатса, мысалы сіздер несиені төлей алмай қалғанда, онда сол мезетте ғана сата алады. Немесе сот тарапынан сатылып жатса, мораторий шешіліп, сата алады. Егер сіздердің алған заемдарыңыздың мерзімі 5 жылдан аз болса, сол кезде мораторий шешіледі. Егер 5 жылдан жоғары болса, онда мораторий шешілмейді. Сіз заемды 3 жылдың ішінде жапсаңыз да, 5 жылдың ішінде ол үйді сата алмайсыздар", - деп түсіндірді "Отбасы банк" АҚ Сату және аймақтық даму департаментінің бас менеджері Расул Рамазанов Instagram желісінде өткен онлайн-брифингте.

Сондай-ақ қазақстандықтар тікелей эфирде банк өкілдеріне сұрақ қойды: 

Сіздің банкіңізде кредитім бар. 2018 жылы алғанмын. Енді соның қалған 2 миллион теңгесін зейнетақым арқылы жапсам, 5 жыл болмай, сата аламын ба?

"Иә, оны жаңа айтып кеттік. Сіз несиені 2018 жылы алсаңыз, онда 2 миллионын толық жауап, 5 жыл күтпей үйде сата аласыз", - деп жауап берді Расул Рамазанов.

Айта кетейік, Қазақстанда зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алуға арналған өтінімдер қабылдайтын сайт 23 қаңтарда іске қосылады

Биыл 2 қаңтарда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға зейнетақы жинағының бір бөлігін мерзімінен бұрын алуға мүмкіндік беретін заңға қол қойған еді.

Кейінірек Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының өкілдері зейнетақы жинағының бір бөлігін қалай пайдалануға болатынын түсіндіріп берген болатын. Қордағылар қаражатты нақты қай мақсатта қолдануға болатынына жеке-жеке тоқталған еді.

Зейнетақы жинағының шекті сомасы

Тұрғын үй үшін зейнетақы жинағын алу: Жиі қойылатын 10 сұраққа жауап

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 515.11  course up  535.94  course up  5.16  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer