Актриса Әлия Әнуарбектің жары қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Актриса Әлия Әнуарбектің жары қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қайғылы хабарды марқұмның досы, дизайнер Гүлжан Аркен Instagram желісіндегі парақшасында жеткізді. Оның айтуынша, актрисаның жұбайы Азамат 17 қыркүйекте қайтыс болған.
"Көмек қолын соза алғанымызда ғой, шіркін, бірақ сен ешкімге салмақ түсіргің келмей, нағыз жауынгердей соңына дейін күрестің, жеңіп шығарыңа сенімді болдың", - деп жазды ол.
Әлия Әнуарбек 2016 жылы және 2019 жылы туған екі қыздың анасы. Актрисаның алғаш дебюті режиссер Ақан Сатаевтың "Ағайынды" сериясында болды. Артынша "Жаужүрек мың бала" фильмінде басты рольде ойнаған. 2011 жылы өнер иесі "Алматы аруы" атанып, "Қазақстан аруы" байқауына қатысуы керек болған. Алайда оқуына байланысты республикалық конкурсқа қатысудан бас тартқан.