Дұрыс шешім. Тағы бір қосымша енгізілгенін қалар едім. Егер шенеунік жемқорлықпен сотталса, оның өзін өмір бойы қайта мемлекеттік қызметке тұра алмайтын тыйым салу қажет және оның тікелей отбасы мүшелерінің де мемлекеттік қызметтерге орналасуына тыйым салыну керек. Бұл өмірде барлығымыз балаларымыздың болашағына алаңдаймыз. Қазіргі жемеңқор шенеуніктер балаларының жағдайы үшін жемқорлықпен айналысатын болса, енді жемқорлықпен айналыспаса балаларының болашағы жарқын боларын түсінетін болады. "Сын за отца не отвечает" деген советтік түсініктен арылуымыз қажет.
Хатта пән атауларының қазақша жазылғанына қарағанда, балапан қазақ сыныбында оқитын болу керек. Мені алаңдататыны, өскелең ұрпақ қазақша білім алып жүрсе де өз ойын орысша жеткізетіндігі. Дербес ел болғанымызға отыз жылдай уақыт болса да бесігімізді түзете алмай келе жатқанымыз қынжылтады((. Балақайдың білімді азамат болып өсуіне тілектеспін!
Ұлыларды да ұстаз тәрбиелеген! Бастауыш мектептен бастап ғылым докторы атанғанға дейін өзіме білім берген барлық ұстаздарыма алғысым шексіз!!! ERG жақсы бастама бастап отыр. Өз кәсібінің құлы болған қас шеберлерді дәріптеу ұлтты, ұрпақты тәрбиелеудің ең дұрыс жолы!!!