Мен Қазақстан бұрынғы нәтижелерін қайталады деп ойлаймын. Жалпы медалдар саны бойынша 5 орын. Бұған дейінгі ойындарда да сол орындарда жүретінбіз. Адамдар алтынға ғана қарайды. Ол дұрыс емес. Алтынды ала алмай қалудың көптеген себептері болуы мүмкін. Оны өздеріңіз де көріп жатсыздар. Ал белгілі бір спорт түрлерінен үнемі жүлдегерлер қатарында болу ол елде сол спорт түрінен жақсы мектеп қалыптасты деген сөз. Сондықтан жеке басым Қазақстан құрамасы жақсы нәтиже көрсетті деп есептеймін.
Үстел теннисі өте әдемі спорт түрлерінің бірі. Ма Луң, Ма Лин, Уаң хау, Тимо Болл сияқты үздіктердің ойнын үзбей қарайтынмын. Аман болса осы кішкентай ұл-қыздарымыз ертең еліміздің атын шығарады. Қытай, жапон ойыншыларымен бір деңгейде ойын көрсететіндей мықты болатынына сенемін!
Соңғы бірнеше жылда көптеген банктер сандық технология саласына өте көп инвестиция құйған болатын. Пандемия кезінде шынымен де ІТ саласы келешекте ұшан теңіз табыс әкелетіндей көрінгені рас. Бірақ уақыт өте әлемдік экономика дәстүрлі сарынына қайта түскен сәтте ІТ саласының көп тұстары инвесторлар күткендей керемет табыс әкелмейтіні көрінген соң, ол саладан инвесторлар қаша бастады. Нәтижесі осы, көп несие берген банктер біртіндеп банкрот болып жатыр. 2008 жылғы ипотекалық дағдарыстың да табиғаты осы тәріздес болған.