Тәуелсіздік таңымыздағы тал бесігіміз – елордамыз. Ол – Елбасының төл туындысы. Nur Sultan қаласы әрқашан қазақтың мақтанышы бола бергей!Еліміз ама, жұртымыз тыныш болсын!
Елбасымыз сияқты аз ғана уақытта астана салу – кез келген ел басқарған азаматтың қолынан келе бермейтін іс. Мұндай ұлы іс – үлкен азаматтық. Ал оны мойындамау – ағаттық. Тарих алдындағы қателік. Тарих демекші… Елбасымыз – қазақ үшін үлкен іс тындырған тарихи тұлға. Қазақта: «Бітер істің басына жақсы келер қасына» дейді. Тәубе! Қазақ тарихына көз жүгіртсек, нешеме нәубет замандардан аман қалғанымызды көреміз. Тіпті халық болып жер бетінен жойылып жетуге шақ қалған кездеріміз болған. Соншама зарлы күндерде жасымай, осы арайлы күндердің келеріне сенгенбіз. Сенім ақталды.
"Бірлесіп көтерген жүк жеңіл"- демекші,қиын жағдайда халыққа жақын болып, Елбасы бастамасымен көмек ұйымдастырған партиямызға, партияластарымызға өте ризамыз.