"Нұр Отан" партиясы пандемия кезінде елдің жанынан табыла білді. Нақты көмек қолын созды. Бұл өте дұрыс акция болды деп есептеймін. "Біргеміз" қорына түскен қаражаттың әр тиынына дейін есеп беріліп, қоғамның көз алдында таратылды. Мұқтаж отбасыларға нақты қолдау болды. Бауыржан Байбек әрбір транш алдында есеп беріп, жариялап отырды. Өте орынды қадам. "Біз біргеміз" акциясы талай отбасына үміт сыйлады.
Дамыған елдердегі осы үрдістің Қазақстанға келгені жөн болды. Праймериз арқылы шынайы лидерлер анықталады. "Нұр Отан" партиясының бұл қадамы дұрыс. Партияда өзгеріс, құлшыныс, жаңа леп бар!
Мереке құтты болсын! Тату елге тыныштық пен тоқшылық нәсіп деп Күлтегін бабамыз айтқан екен. Бірлікті сақтап, берекені арттыруға үлес қосып жүрген партия мен еріктілерге ел алғысын білдіруде. Жұмыс жалғаса берсін.