Сайлауалды бағдарламаның қағаз жүзінде қалып қоймай, жүзеге асырылғаны, оның қадағаланғаны өте дұрыс. шырайлы қала Шымкент алдағы уақытта бұдан да гүлденіп, дами түседі деп сенемін. Қала мегаполиске айналды. енді мегаполиске тән үлкен бастамаларды жүзеге асыруы тиіс.
Биылғы сайлау шын мәнінде маңызды демократиялық қадам болды. Әкімдерді халық сайлады, енді билік пен бұқара арасындағы диалог жандана түседі деп ойлаймын. Партия да өз үміткерлерін ұсыныпты. Дұрыс. Қалай болғанда да осындай жұмыстарды жалғастыру керек.
Сұхбатты толық көріп шықтым. Негізі бізде хайп пен негізсіз ақпарат тарату деген қалыпты жағдайға айналып кетті. Саясаткерлер, тұлғалар арасында пікір алуандығы бар. Дегенмен Елбасы Қазақ мемлекеті үшін өз деңгейінде еңбек етіп, белгілі белестерден, кезеңдерден алып шықты деп есептеймін. Бағасын болашақ пен тарих береді, әрине. Бірақ, Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіздіктің іргетасын қалаушы жұртты биікке жетелегені анық. Оны айту керек. Еңбегші бар.
Оңтүстік өңірінде демографиялық өсім жоғары. Сондықтан мектеп, әлеуметтік нысандар тапшылығы сезілуі мүмкін. Бұл ретте партия дұрыс бағыт ұстанып отыр. Нақты меже, нақты бағдарлама ұсынылып отыр.
Реальные перспективы. Партия "Нур Отан" показал нам как нужно работать. Партия өз бағдарламасын орындау бойынша нақты жұмыстарды жалғастырады деп сенемін.
Қалай болғанда да "Нұр Отан" партиясының бұл праймеризі қоғам тарапынан қызу талқыланды. Демократияны жандандыруға оң серпін беретін қадам болды. Әлеуметтік желі мен ақпарат құралдары арқылы үміткерлерді жіті бақылап жүрміз. Жаңа есімдер шықты. Енді осылардың арасынан мықтыларын іріктеп, мәслихаттарға қосу керек.
Нақты іске көшетін кез келді. Оның алғышарттары да жасалып жатыр. Үш мегаполисті дамыту бағдарламасы көңілге қонымды екен. Нақты жүзеге асуын қоғам бақылауы тиіс. Ал қазіргі партияның бастамасына респект.
Дұрыс, партиялық бақылау мықты болуы тиіс. Жасыратыны жоқ, кейбір шенеуніктер білгенін істеп, кадр саясатын тұралатады. Нұр Отан батылдау әрекеттерге барып, қадағалауды күшейткені жөн.
Елбасы праймеризді ашық әрі әділ өткізуді тапсырды. Өзі бас болып, праймериз жүйесіне тіркелуі оның осы саяси реформаға үлкен мән беріп отырғанін білдіреді. Жалпы партия мүшелері осы праймеризге қатысып, дауыс беріп, үздіктерді анықтауға үлес қосуы тиіс.
Праймеризге қызығушылық жоғары екені байқалады. "Нұр Отанға" шынайы ел жанашырлары тіркеліп, парламентке, мәслихаттарға ұсынылуы тиіс. Праймериз үздіктерді анықтасын. Іске сәт!
Партия жақсы қадамдар жасауда. Елде проблема көп. Соны жасырмай, шешу жолын ұсынғандары өте дұрыс. Бауыржан Байбек осындай қабылдауларды жиі өткізсе жөн болады.
Жалпы қоғам дамуы үшін әділдік, ашықтық қажет. Осыны бәрі түсінді деп ойлаймын. Партияның праймериз өткізу туралы идеясы орынды. Ел арасынан қайраткерлерді табу уаыт талабы. Парламент мықты болуы үшін нағыз патриоттар іріктелуі тиіс.