Сөзсіз, қарапайым мысал басқа мемлекеттердің тәжірибесінде праймериздің іске асырылуы өзінің оң нәтижесін көрсеткендігі аңғаруға болады, яғни праймериздің елімізге берер мүмкіншілігі көп екенің аңғаруға болады.
Жаңа буын мен, ел үмітін ақтар азаматтармен еліміздің қатары толығып, үлкен нәтиже көрсетеді деген ойдамын. Сондықтан осы бастамаға барынша қолдау көрсеткен абзал болар еді.
Әрбір қатысушы өзінің болмысында жүрген, осы уақытта көтеріп жүрген мәселелердің шешім тауып, өз біліктілігін көрсетіп, шешу амалдарын ұсынбақшы. Яғни еліміздің болашағына немқұрайлы қарамайтындардың көрудеміз.
Лайықтылардың қатары күн санап артуда, бір апта ішінде 7 мың аса адамдардың өтініші түсіпті, алдағы үміт еліміздің барлығы белсенділері осы үлкен бастамаға жұдырықтай жұмылып, нәтиже көрсету.
Праймериздің басты мақсатын негізге ала отыра - алдағы сайлауға партиялық тізімдерге енгізуге қоғамның жоғары қолдауы бар ең беделді партия жетекшілерін анықтап, білікті азаматтармен еліміздің қатарын толықтыру болмақ.
Бастапқы партиялар арқылы партияның қолдауына ие, беделді, адал және қоғамдық адамдар партияға келіп, мәселелерді ашық айта алатын және шешімін ұсына алатын болғанын қалаймын.