Осындай сәтте бір-бірімізге қол ұшын беріп, өзара мәміле мен ынтымағымызды арттыра түсу аса маңызды. Кемеңгердің де жан-жүрегімен тілегені жұртының амандығы мен ұлтының тұтастығы еді. Сондықтан бүгінгідей қиын шақта Абай мұрасына жүгіну өте өзекті болып отыр
Абай әрдайым қоғамның береке-бірлігін арттыруға ден қойды. Ол "Біріңді, қазақ, бірің дос, көрмесең істің - бәрі бос" деп, елді татулыққа шақырды. Біз аса күрделі кезеңді бастан өткерудеміз.
Біз еңбекке, жаңа өнер игеруге деген көзқарасымызды түбегейлі өзгертуге тиіспіз. Байлықтың да, бақыттың да кілті - өзің сүйген кәсіпте. Ынтымақ мәселесінде айрықша көтеріп талқыға сала білген.
Өскелең ұрпаққа дұрыс бағыт берген жөн. Ақынның "Пайда ойлама, ар ойла, талап қыл артық білуге" деген өсиетін әрдайым санаға сіңіру қажет. Жаңа кәсіп игеру. Ақын әр қазақ өз ісінің шебері болса деп армандады.
Ең алдымен, білім игеру. Біз бүкіл әлемді ақыл-ой мен парасатты пайым арқылы ғана мойындата аламыз. Заман талабына сай білім алу интеллектуалды ұлт қалыптастыруға жол ашады.
Абайдың ұлағаты терең ойларына, келешектің келбетіне үңілген көрегендігіне таңырқаудан жалыққан емеспіз. Абай ілімі бүгінгі бірқатар бағыттарға орайлас келеді.
Азаматтарымыздың арасында жалқаулық пен сөзуарлық жиі кездесетіні қынжылтады. Бұлар бұрынғыша тойқұмарлықтан тартынбай, күнделікті тынымсыз тірлікті дәріптеудің орнына, әрбір қоғамдық оқиғадан саяси астар іздейді де отырады.