Абайдың дана сөздері қазақ халқының мәңгілік моральдық тірегі болып қала береді, ұлттың даму негізі ретінде ұлттық кодты іздеуде көптеген ұрпақтарды біріктіреді.
Әр шығармаларын талдап, мағынасын, ойының төркінін түсініп оқуларына үлкен көмек болады Абайтану сабағы. Өзім солай оқып өстім метепте, содан әр шығармасына деген, жеке тұлғасына деген сүйіспеншілігім өте биік!
Абайдың ұлағаты әлі күнге дейін маңызын да, құндылығын да жоғалтқан жоқ. Данышпан тұлғамыздың бізге қалдырған мұрасы мәңгі өшпейді... Оны оқып, өзіне пайдаланар ұрпақ болса, еш сөнбесі анық!
Абай: "Мал керек болса, қолөнер үйренбек керек. Мал жұтайды, өнер жұтамайды" . Бұл сөздің өзінде терең мағына бар. Қолымыздан іс келсе, далада қалмайтынымыз анық. БҰл да еңбекқорлыққа шақырып тұрған даналы сөздерінің бірі.
Абай Құнанбаев - ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер, либералды көзқарасын исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен. Бүгін осы ғұламамыздың өмірге келген күні екен...
өкінішке орай, біз көбінесе күнделікті жұмыстан гөрі бос өмір салтын ұстануға жақынбыз. бойымызда жалқаулық жиі кездеседі. еңбекпен емес жеңіл түрімен пайда тапқымыз келеді. бірақ еңбектің тері төгілмей еш биікке жетпеспіз, жетсек те уақытша ғана...