қалай дегенменде елімізге мәселелерге жаңа көзқарастар, жаңа есімдер керек, онсыз болмас. бұл табиғи процесс деуге де болады, ескінің орнын жаңасы басады
жеңіске жеткендер шыныменде алға өтуге лайықты болды деп сенемін. себебі, өз басым мүмкіндігімше өткен конференцияларды көріп, үміткерлердің барлығы керемет жұмыс атқарғанын өз көзіммен көрдім, мықты дода болды
осы практиканы енді үкімет басында да қолданса, жоғарғы жақ біраз жаңарып, ескі депутаттарды жаңа болашағы зор, жаңа көзқарастарға толы жастармен алмастыруға болушы еді
әсіресе қатты қуантатыны - қарапайым халық арасынан қаншама елдің жанашыр, қамын ойлайтын талай жастарымыздың өздерінің бақтарын сынап, елімізді дамыту үшін еңбек етіп жатқандары
партияның бұл шешімі тек партия үшін ғана үлес қоспай, еліміздің болашағы үшін де үлкен әсерін бермегі анық. Елімізде өткен бұл праймериздің Орта Азия елдері арасында алғаш бізде өткенін де айтып кету керек