Жыл өткен сайын сот қарайтын істер қатары көбейіп, судьяларға жүктелер міндет ауырлап келе жатқанын статистикалық деректерге көз жүгіртсек анық байқаймыз.
Құқықтық демократиялық қоғамда барлық даулы мәселелер сот арқылы шешімін табатыны белгілі. Осыған орай, азаматтардың құқығын қорғауда сот төрелігінің атқарар міндеті мен оған жүктелер жауапкершілігі күн санап өсіп келетінін айта кету керек.