Өз тілімізді өзіміз құрметтеу керекпіз. Сонда ғана тіліміздің мәртебесі жоғары болады, көшеде көрген орысқа орысшалап сөйлемей қазақшалап жауап қайтарсақ біздің тілімізді білуге үйренуге деген оларда да ынта пайда болады деген ойдамын.
Бабалардан мұра болған қасиетті жеріміз – ең басты байлығымыз. Қазаққа осынау ұлан-ғайыр аумақты сырттан ешкім сыйға тартқан жоқ. Бүгінгі тарихымыз 1991 жылмен немесе 1936 жылмен өлшенбейді. Халқымыз Қазақ хандығы кезінде де, одан арғы Алтын Орда, Түрік қағанаты, Ғұн, Сақ дәуірінде де осы жерде өмір сүрген, өсіп-өнген. Қысқаша айтқанда, ұлттық тарихымыздың терең тамырлары көне заманның өзегінде жатыр.