Партия Праймериз өткізіп, ашық дауыс беру арқылы мықтыларды іріктеп алды. Праймериздің қалай өткенін бүкіл ел көрді. Дебаттарды, конференцияны толықтай тамашаладық, енді дауыс беруде кімге дауыс беріп жатқанымызды біліп тұрамыз, партияның партиялық тізімі көзге таныс болып қалды.
Нұр-Отан партиясы жастар мен әйелдерді саясатқа көптеп тартып жатыр, оны партиялық тізімнен байқауға болады. Праймеризде де жастар мен әйелдерге ерекше қолдау білдірілді. Жастарға әлеуметтік лифтты бере алды деп ойлаймын партия.
Нұр Отанның биылғы жаңғыруы жақсы өтті. Жаңа адамдар келді саясатқа, партия халыққа қарай ашық болды, өз партияластарының арасындағы адал қызмет атқармаған адамдарды шығарып тастады. Мұның бәрі жақсы жағына қарай басталған өзгеріс деп ойлаймын.
Пандемия кезінде ең бір зардап шеккен сала ол шағын және орта бизнек өкілдері болды. Мемлекет тарапынна экономикалық жағдайды тұрақты ұстап қалу мақсатында ШОБ иелерін барынша қолдап түрлі көмектер көрсетілді.
Нұр-Отан партиясы халықтың нағыз жанашыры ғой. партияның Ардагерлерді ардақтайық, Кедергісіз келешек жобалары арқылы ардагерлер мен ерекше қажеттілікті қажет ететін адамдарға қолдау көрсетілгенінен байқауға болады.
ия ауыр жыл болғаны рас, Нұр-Отан партиясы халықпен бірге сол ауырлықты жеңіп шықты деуге де болады. Партияның жасап жатқан белсенді жұмысының арқасында елдегі біраз мәселелердің шешімі табылып, қаншама адам жұмыспен қамтылып жатыр. Партияның назарынан ешкім тыс қалып жатқан жоқ.
Партия әрдайым жаңашылдық пен заманауи технологияны қатар алып жүріп тек алдыңғы қатардан көрініп келе жатыр. Соның бір дәлелі Электронды партия жобасы.
Мықты партия-мықты лидер бағдарламасы толықтай жүзеге асты деген ойдамын. Ең мықты кандидаттар таңдалынып алынды деп сенеміз. Мықты кандидаттарға алдағы сайлауда зор сенім білдіреміз.