Партияның праймеризі халық ішінен шыққан белсенділерді шығарғаны жақсы болған. Өйткені халықтың мәселелерін тек халықтың ішінен шыққан адамдар ғана біледі. Енді алдағы уақытта қаншалықты тиімді болғанын көре жатармыз.
Еліміздегі саяси партиялардың ішінде заман талабына сай өзгеріп, өзін жетілдіріп отырған жалғыз ұйым – «Нұр Отан». 2021 жылы өтетін сайлауға дайындықты екі жыл бұрын бастап, партиялық тізімге кіл мықтыларды іріктеп алды. Праймериздің арқасында партиялық тізім жаңарып, міне алдағы сайлауға 126 кандидатын ұсынып отыр. Тек сәттілік!
Нағыз мықты кандидаттар іріктеліп алынды деген ойдамын, барлығына сәттілік тілеймін. Алдағы сайлауда өздерінің іскерлік қабілеттерін көрсетіп, сенімді ақтайды деген ойдамын.
Пандемия барлығына ауырға соққаны рас, бірақ біздің еліміз алдын-ала жасалған бағдарламаларының арқасында экономикалық құлдырауға кете қоймады. Экономикалық тұрақтылықты сақтап қалды, осының өзі үлкен нәтиже деп ойлаймын.