Микроқаржыұйымдары, ломбард дегендердің проценті 45 пайыз. Сұмдық. Төлей алмайтынын біле тұра кепілге мүлкін қойдырып бере береді. Историясына қарамайды. Бұл ұйымдардың қызметіне қатты шектеу жасау керек. Әсіресе көлікті кеплілге қойып, несие беру тәртібін шектеуге бодмайды ма?
Ішкі стер, қауіпсіздік комитетінің опер мәліметтері негізінде анализ жасалуы керек. Шынында секс индустриясы туризмді дамыту мәселесін жамылып, үлкен бизнеске айналдыруы әбден мүмкін.
Неге полиция қызметкерін халық жақтырмайды? Халықтың арасында полицияға сенім өте төмен. Полиция қызметкерінің адамға деген көзқарасы мен құрметпен қарауын қалыптастыру керек. Заң бұзған адамға жеккөрушілікпен, тек жазалау көзқарасымен қарау, қатыгездік таныту сияқты теріс тәжірибеге тоқтау салу жұмыстары жетіспейді.
Мәселе әкімшілік құқық бұзушылық жасағандарға рақымшылық жасалуы тиіс. Олар жол көлік оиғасын жасамаса, ешкімге зиян келтірмесе көлік жүргізу құқығынан айырылу мерзімін қысқарту керек , рақымшылық жасалуы тиіс. Қвлмыскерлерге рақымшылық жасалады екен, ал әкімшілік құқық бұзған адам ұзақ 7-8 жыл бойы жазасын тарту керек. Әділдік қайда?
Сайлау комиссияларын әкімдердің ықпалынан шығару керек. Комиссия төрағалары мен мүшелерін қоғамдық ұйымдардың басқаруына берілсін. Сайлауға әкімдердің араласуына тыйым салынсын
Арақ ішкен жеңіл күйде мас болып адамның қоғамдық орында жүргені әкімшілік құқық бұзушылық емес. Полицияның заманы болды ғой. Сотқа шағымдану керек. Арақты ішуге болмаса, сатуға тыйым салсын.
Кезкелген заң бұзушылық жазаланады. Бірақ жаза әділ әрі сай болуы тиіс. 7 жыл адамның өмірінің бір бөлігі, көп адам сол көлікпен отбасын асырап жүр. Ауыр қылиыс жасағандардың да жазасы жеңілдетіліп жатыр, өздеріңді осы адамдардың орнына қойып көріңдер. Қатігез болмау керек
ІІМ-не қарасты ішкі әскер қызметінде болған адамды қорғаныс министрі қызметіне тағайындаудың өзі қате таңдау сияқты. Мінезі дөрекілеу, қоғамнан өзін қашық ұстайды, жариялы жұмыс жасауды білмейді. Не атқарды не бүлдірді - уақыт көрсетеді
Киіктің миграциялық жолдары жабылып қалған. Қызылқұмға қарай өткізіп, мекендету керек. Бұрындары қыста Қызылқұмға, жазда Қарақұм мен арқаны мекендейтін еді.
ЖКО абайсызда болатын жағдай. Заңда солай жазылған. Одан ешкім кепілдік бере алмайды. Сондықтан сақтандыру компанияларының мүддесін көздеп, жүргізушілердің қалтасына салмақ салуды тоқтату керек. Әділдік деген тек бүркемелеу. Сақтандыру компаниясы пайда көрмесе жұмыс жасамайды. Шығынға батуда деген жалған әңгіме.
Алты ай бұрын үлкен міндеттерді атқару үшін тағайындалды деп хабарлап еді. Бітірген ісі жоқ. Елдің бас қаласына (Астанасы емес) әкім болып тағайындалды. Бұл қандай кадр саясаты? Осындайдан соң ықпалды топ жоқ деп қалай айтасың. Адамдардың пікірін қашан сұрайды? Қолы мен ары таза іскер азаматтар қашан шығады?
Кадр тапшылығы білінеді. Түркістан облысынан сұрау керек. Негізі үлкен қалаларда әкімді халық сайлағаны дұрыс. Алматы халқын алдай алмайсың. Көзбояушылық жасағаныңмен ұзаққа бармайсың. Мұндай көзіашық азаматтар шоғырланған қалада қызметті адал, аянбай жасау керек. Беделің өседі, ірі мемлекеттерде осындай қаланы басқарып, абыройға бөленген адамдар мемлекетті басқаруға дайын болады
Көлік қызметі айналасында пайда табуды көздеген адамдар халықты әбден шаршатты. Утильалымы, кеден төлемдері, алғашқы жарна, такси қызметі, газ бен жанар май бағасы, енді сақтандыру құнын көтеру сияқты қарапайым адамдардың қалтасына түсетін қаржы ауыртпалығы көбейе түсті. Халыққа тыныштық бермейді