Қазақстанда потребкредит беруді тоқтату керек. Потребкредитті кім алады? Бірінші кезекте оны тұрмысы төмен, табысы қажетін өтей алмай жүрген адамдар алады. Оның проценті өте жоғары, төлей алмаған соң тағы басқа кредит алуға мәжбүр. Сөйтіп кредиттің құрбаны болып жүрген өте көп. Кепілсіз, онлайн кредит дегендер оңай ақша болды. Ашкөз адамдар алған кезде қайтаруды көп ойламайды. Көрерміз деп ала береді. Бұл бір үлкен проблема. Банкілерге бизнесті қаржыландырудан потребкредит тиімді болып тұр
Бастарының жеткені осындай шектеу, тыйым салу, айыппұл салу болып тұр. Халықтың пайда табуына шектеу қоюдың орнына банктердің төлеу қабілетін арттыру шараларын қарастырмай ма? Банктердің кепілдік қорын ұлғайтуды талап ету керек. Шетел банктерін не себепті нарыққа кіргізбейді? Сұрақ көп
Салық жинау саясаты жеке адамдар мен кіші, орта кәсіпкерлердің табысына бағытталмау керек. Мемлекеттің экономикасын қозғалтушы ірі кәсіпорырндар, өндіріс орындары, еселеп пайда тауып жатқан энергетика, кенбайыту, табиғи ресурстарды пайдаланушылар сияқты заңды тұлғаларға бағытталуы тиіс. Салық салуда жеңілдіктер, артықшылықтар деген ерекше жағдайда белгілі бір мерзімге ғана олданылсын. Инвесторларды тарту деген сылтаумен олигархтардың мүддесін қорғау сатқындықпен теңелсін. Халқының саны аз, жері жеткілікті, табиғи байлығы мол елде азаматтардың жағдайы жасалмауы ол үкіметтегі мамандардың қызметіне үлкен сын
Тамга деп орыстар қате жазып кеткен. Шындығында таңба деп аталады. Таңбалы ел, тайға таңба басқандай, таңбасынан таныдым деген сияқты сөздер мағынасын ашып тұр.
Міне осылай жеңілдіктерді жасап алған олигархтар мен монополистер Үкіметті өздерінің ықпалында ұстады. Қажетті заңды қабылдатады. Табысы көп салаларға салықты көбейту керек. Олардан барлық жеңілдіктерді алып тастаңдар.
Бюджетке қаржы түсіретін механизм жетерлік. Халықтың есебінен бюджет тапшылығын шешуді тоқтатыңдар
Салық кодексінде бүркемеленген тұстары көп. Олигархтар мен “инвестор” сымақтардың мүддесі жасырын қорғалып жатпасын. ҚҚС шегін төмендету халықтың назарын басқа жаққа аудару емес па? Оны көтеретіні белгілі болып тұр ғой. Ал, басқа жеңілдіктермен түсмдер қайта қаралады ма
Қаржы ұйымдарының проценті 55 процент және қысқа мерзімге береді. Бірінші кезекте өсімін төлетеді. Ашкөз халықтың қаржы сауатсызын пайдаланып, қарызға батырып қойды. Автокредит, ломбард дегендердің жұмысы қанды сүліктей сору. Олигархтар қаржыларын осы салаға салып қойған. Терең зерттейтін сарапшылар керек. Бұған тыйым салуға болмайды ма? Адамдардың қаржы табаалмай жүргенін пайдаланып, тегін беретіндей жалмаңдап тұр
Жекеге беруге қарсымын. Үлкен табыс алып келіп тұрған өндірісті жеке адамдардың пайдасына беру нағыз жемқорлық пен сыбайластықтың жолы. Жанар майдың қымбаттағанын сонда көреміз.
Бұл енді дұрыс аналитика. Әлі де терең зерттеу жүргізу керек. Бірінші кезекте олигархтар мен ірі компаниялар, кен онын пайдаланушылардың жұмысын мұхият тексерсін.
Өте дұрыс айтады. Үкіметтің барлық іс қимылы халықтың есебінен, яғни қалтасына қол салу арқылы бюджетті толтырудан аса алмай отыр. Негізгі мақсат тұрғындардың тұрмысын жақсарту болуы керек еді
Путиннің сөзінде тұрмайтынын көзімен көрді. Алдына талай барды. Трамп популист мақтаншақ адам. Путиннің бұлардың араларына іріткі салып, өздерін бір біріне қарсы қояды
Өте орынды мәселе. Қылмыс жасағандар айыпұл төлейді, ал құқық бұзушылық үшін жеті жыл көлік жүргізу құқығвнан айрылып, күнкөрісін жоғалтады. Заң әділетті болуы тиіс. Жаза жасаған әрекетіне сай келмейді
Жргізу куәлігінен айырылғандарға да рақымшылық жасау керек. Қылмыскерлерге рақымшылық жасайды, ал әкімшілік құқық бұзғандар жеті- сегіз жыл сорлап күнкөрісі мен табысынан айрылып жүр. Әділдік қайда?
Бұл кімге тиімді. Бірінші басшылық қызметте отырғандар, мемлекеттік қызметкерлер мен бюджеттен қаржыландыратын мекемелерде жұмыс жасайтындар үшін тиімді. Олар жоғары жалақы алады. Жастарға орнын босатқысы келмейді. Ал қарапайым адамдар зейнетке шығып, жеке мекемелерде жұмыс жасай беруіне болады.
Муслим Хасанов, дұрыс айтасыз. Сауаттары жетпейді. Халықтың мүддесін ойламайды. Бюджетті көбейту, олигархтардың мүддесін қорғау, жемқорлық сияқты интерестер көп. Ең өкініштісі осы уақытқа дейін үкімет жауапты болған емғс.
Бұл бірінші кезекте жанар-жағармай саласындағы олигарзтарға тиімді. Олар онсызда үлкен үстеме қосады. Бензин, солярканың өзіндік құны мен сатылу бағасы арасындағы айырмашылықты түсіндіріп беосін. Баға қоюда ашықтық керек
Сүлейменовты дұрыс саясаткер деп ойлаушы едім. Бұлар қалай сөйлейді. Халықты тіпті ақымақ көреді. Мәселе дрллардың қанша тұратынында емес ғой. Доллардың қымбаттауы бірден тауардың, оның ішінде азық түліктің қымбаттауына алып келетіні бәрі беледі.