Туған жерінің қадір-қасиеті сүйегіне сіңген нағыз Елбасы ретінде ол осы істе өз халқының іргелі құндылықтарын – бейбітшілік сүйгіштік пен тағаттылықты, жаңа білім мен дағдыларға деген ашықтықты, дәстүрлі рухани жомарттықты, азаттық рухы мен ынтымақтастықты өзіне серік етіп алды.
Коронавируспен күреске Nur Otan партиясы үлес қосты, партия тарапынан жеткілікті болатындай каржы болинген болатын. Бұл қаржыға жалғызбасты қарттар, мүгедектер мен көп балалы аналарға маска, антисептиктер, бірінші қажеттіліктегі азық-түлік сатып алынды.
Бүгінгі жастар үшін атқарылып жатқан игі істер мен сарабдал саясаттың негізгі мақсаты – болашақтың кемел болуы үшін жасалған дүниелер. Жастар жылы деп аталған бұл жылда жастар игілігіне атқарылып жатқан істер аз емес. Болашақтың іргетасын қалау мақсатында игі шаралар атқарылуда. Ендігі кезек, жастардың өздеріне артылған жауапкершілікке тиянақты болып, берілген мүмкіндікті пайдаланып әрбір азаматтың көшбасшы болуға атсалысуында. Бәсеке мен озық білім бар жерде ілгері жылжу бар, даму бар.
Қазақ тілі – рухани қазына. Мемлекеттік тіл – мемлекетіміздің бүкіл аумағында қоғамдық қатыстардың барлық саласында қолданылатын, мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі. Қазақ елінде, қазақ жерінде, қазақ тілі – мемлекеттік өркендеуі қажет, оған тек қазақ халқының ұрпақтары ғана емес, бүкіл Қазақстан елінде өмір сүріп жатқан адамдар үлес қосу керек.
Жер бетіндегі қай халық болмасың еркіндікті ,бостандықты арман етеді. Сол еркіндік үшін жанын да аямайды.Біз жеріміз кең-байтақ деп мақтан етеміз. Қазақ халқының басынан талай қиыншылықтар өтті. Бірақ өр міңезді, намысшыл бабаларымыз ешбір жаудан тайсалмады. Қасықтай қандары қалғамша туған жерлерін қорғай білді.
Туған жер дегеніміз - біздің ата - бабамыз мекен еткен, кіндік қанымыз тамған жер. Әр адамда бала күннен бастап Отанына деген сүйіспеншілік пайда болады. Біздің елімізде бір шаңырақтың астында әр ұлттың өкілдері татулық пен достықта бейбіт өмір сүріп жатыр. Бұл Қазақ жерінің жомарттығынан, осы өлкелерге тағдыр алып келген барлығына құшағын кең жайып, пейілін кеңге салатын Қазақ халқының мінезінен жаралған.
Алғашқы қауымдық құрылыс ыдырағаннан соңғы кезеңдегі тарихта ізі қалған сақтар, үйсіндер, қаңлылар және ғұндар – қазақ халқының ежелгі ата-бабалары. Солар құрған тайпалық бірлестіктер біздің арғы бабаларымыздың осы өңірде орнығып, ұрпаққа ұрпақ жалғауына негіз болды. Біз ата бабаларымыздын жолын жалгастырушы урпакпыз
ҚАЗАҚтың ержүрек ерлері мен ер мінезді қаракөз қыздары барда қазақ жері ешқашан сатылмайды!!! Жерімізді таптамақ түгілі,бөтен ешкім рұқсатсыз аттап баспайды да! Қасқайған қазақ қасық қаны қалғанша елі мен жері үшін күресетінін естен шығармайық ағайын!
“Жер сатылмайды!” – дейді халық – бүгінгі көзі ашық бүкіл қазақ қауымы. Олардың артында мың жылдық тарих, өткен аруақ аманаты, келешек ұрпақ мүддесі тұр. Ең алдымен айтарымыз – Жерді сатуға ешқандай құқықтық негіз жоқ. Өйткені бұл Жер – қазақ халқының жеке меншігі. Ата-бабасының қанымен жуылған, сүйегімен тыңайтылған. Тоқсан тоғыз буын әулетін өсірген. Бұған – өткен тарих куә.
В общем как говориться при желании все можно сделать, я к примеру слышу и читаю в новостях как и каким методом люди и иностранцы смогли изучить казахский язык, вот если вам трудно берите с них пример