Жеңіске жеткендеріне мен шын жүректен қуандым. Жалғыз істеріне берік, кез-келген шаруаны тиянақты екетпей орындап, жаңа идеяларымен ел жағдайын жақсартуға ат салысып жататын партиямыздың осы жеңіске лайықтығын бәрінің көзі жетті.
Елде болып жатқан өзекті мәселелерді жақын танып-білетін жай қарапайым халықтың арасынан шыққан азаматтар шынымен жетерлік. Халықтың мүддесіне кесірін тигізбей дұрыс шешімдер қабылданатынына сенімдімін.
Бұрын-соңды осыншама әйел қауымы мен жастарда болмаған мүмкіндіктердің пайда болғаны бір жақсылықтың белгісі екені деп тани білемін. Неге десеңіз демократия жолында біз нағыз дұрыс бағыттарды ұстауды бастап келе жатқан сияқтымыз.
Праймериз тәсілінің елде қолданысқа енгізгені өте дұрыс шешімдердің бірі болғанын айта кету керек. Соның арқасында елім деп, жерім деп мемлекеттің мүддесін қорғатын қаншама жаңа азаматтарымыз бен азаматшаларымыз партияға мүше болды.
Жаңа көзқарас, жаңа креативті идеяларды алып келетін адамдар осы жақында ғана партияға кірген болатын. Көп ұзамай бізді жаңашылдық жобаларымен қуантары анық Нұр Отан партиясының.
Партияны қалаған Елбасымыздың еңбегі шынымен зор. Талай жақсы бастамалардың бастамашысы болды. Партияға дұрыс бағыт-бағдар беріп, ақылымен, үлкен тәжірибесімен бөлісуге дайын тұрады әрқашан.