Кейде мынандай сұрақ болады : ауылда тұрмай қалаға келіп, пәтер жалдап жүр...неге ауылда тұрмайды - деген...Иә, осы баспана кезегінде тұрған адамдар ұзақ жылдар бойы пәтер жалдап, балаларын өсірді, оқытты. Осы пәтер кілтін алған халықтың басым көпшілігі аумалы төкпелі заманда ауылда ауыл шаруашылығы тоқтап, ауылдары тірек ауылдар қатарынан шығып, мектептер жабылып қалған соң амалсыз қалаға ағылған халық еді. Үкімет халыққа бұрылды ....жағдай жасады. Шынайы алғысымызды білдіреміз!
ЖКХ жас басшысы Фархат Жилибаевқа ерекше ризамыз. Мұқтаж жандардың әрқайсысын тыңдап, мәселенің бәрін жоғары біліктілікпен шешті. Фархат Жилибаев тәрізді ұстанымы берік, ұлтжанды қазақ азаматтары көп болсын! Деніңе саулық, қызметіңе тек сәттіліктер тілеймін! Мәртебең өсе берсін, бауырым! Халқыңа адал қызмет ете бер!
Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омарға шынайы ризашылығымызды білдіреміз. Ұзақ жылдар бойы кезегін күткен адамдар сәулетті, тартымды, еңселі үйлерге қоныстанып, баспаналы болдық. Сізге ризашылығымыз шексіз! Сәттілік, табыс, мәртебелі биіктер тілейміз!