Еліміздің асты да, үсті де расындай бай ғой. Бірақ, өкінішке орай, сол байлық ат төбеліндей ғана адамдардың қолында. Ең төменгі күнкөріс деңгейі бойынша соңғы орындамыз, еліміздегі байлардың саны бойынша алдыңғы орындамыз. Бұл елдегі саясаттың, паракорлықтың, жемқорлықтың жемісі.
Ұзақ жылдар бойы автожол саласында басқарма қызметінде жұмыс жасапты. Бұл саланың қаншалықты жемқорлық жайлағанын білеміз. Қаланың орталықтан шетқары көшелерінің жағдайы тым мүшкіл. Қанша жыл Талдықорғанда жүрсекте орталықтан тыс көше жағдайының жақсарғанын, тіпті аялдамалардың тазаланғанын көрмейміз. Ал бюджеттен қанша қыруар қаражат бөлінеді. Қаладан тыс облыс аудандары мен ауылдарының жол жағдайлары да тым нашар. Сондай қызметте нәтижелер болмағасын қала әкімі болып тағайындалғаннан қандай жақсылық күтерсің ... жылаймын да күлемін.