Елбасының сындарлы саясатының арқасында Қазақстан тайғақ кешулерден сүрінбей өтіп, беделді де абыройлы, әлемдік қауымдастық мойындаған, жедел дамудың даңғыл жолына түскен елдердің қатарына енді
Нұрсұлтан Назарбаев – қазақ халқы үшін Қазақстанның тәуелсіз мемлекетін құрудың басында тұрған, осы жолдағы не қилы тар жол, тайғақ кешуден халқымен бірге өтіп, қиыншылықтарын бөліскен, содан аман алып шығып, әлем мойындаған жаңа мемлекетті қалыптастырған, жаңа астана тұрғызған, елді индустрияландырудың жаңа жобасын өмірге келтіріп, болашаққа бағыттап келе жатқан ұлы тұлға
Ел тəуелсіздігі жолындағы күресте жеңіске жетіп, оны орнықтырып, оның үстіне Арқаның төсінен жаңа елорда салу – Назарбаевтың, тек қана соның адал еңбегі, ерлігі
Назарбаевтың президенттік қызметінің алғашқы кезінде-ақ дүние жүзінің көңілін аударған тағы бір ісі – Қазақстанның əлемдік қауым алдында ядролық қарудан бас тартуы болды