Күннің ыстық суығына қарамай, аянбай еңбек етіп жүрген жастарға рақмет. Үйде жатып әркімді сынап, қолынан ештеңе келмейтін кейбір кісілерге қарағанда істері қайырлы. Партия тарапынан берілген маска болсын, азық-түлік болсын қандайда бір көмек түріне жеңін түріп, ат салысып жүрген партия еріктілері және ерікті жастар аман болсын. Нағыз сауапты әрі Отансүйгіштікке баулитын жұмыс, себебі тегіннен тегін азаннан кешке дейін көмек көрсету кез-келгеннің қолынан келмес. Ондай жастар некен-саяқ...
Елбасы, партия председателі Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқандай, болашақ жастардың қолында. Расында, көптеген жұмыстар жастардың маңдай тері арқылы іске асырылып жатыр
Праймериз қолынан іс келетін азаматтарды іріктейтіні сөзсіз, сондықтан мен өз кандидатымды таңдаймын. Маған қызығы онлайн өтетіні себебі, онлайн өтсе үйден шықпай ақ мен өз таңдауымды таңдаймын
Елбасының арқасында, біз көптеген жетістікке жетіп, қаншама мемлекетке сыйлымыз. Қанша жыл бойы бізбен, яғни халықпен бірге екеніңізді дәлелдеп келесіз. Көп жасаңыз, ауырмаңыз.