Бүгінгі таңда Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы алыс -жақын шет мемлекеттермен өзара ынтымақтастық ғылыми байланыстар орнатқан. Ұлттық орталықта өткен " Үндістан қорларындағы Орталық Азия және Қазақстан тарихына қатысты көне жазбалар мен архивтік деректер" атты ғылыми семинар ұлттық орталықтың аталмыш бағыттағы жүргізіп жатқан жұмыстарының нәтижесі деп білеміз.