Аталған мәселе балаларды өзара түсініспеушілікке алып келуі мүмкін. Бірін-бірі кемсіту сынды ауыр жағдайлар туындауы да ғажап емес. Сол себепті мектепте теңдік болу керек.
Хиджаб мәселесі түбегейлі біздің болмысымызға қайшы. Дәстүр, мәдени және тарихи құндылықтарымызға кері әсерін тигізетініне толық сенімдімін. Бала әрдайым бала болып қалу керек. Баланы ғылым мен білімге, ұлтымызға сай тәрбиеге баулуымыз қажет.