Бұл жағдай – жай ғана жол апаты емес, қоғамдағы жауапкершілік пен заң үстемдігінің көрсеткіші. Мас күйде көлік жүргізу – адам өміріне қасақана қауіп төндірумен тең.
Заң ханға да, қараға да ортақ. Кінәлілер жазасын алатынына сенемін
Интернет алаяқтық қылмысы көбейіп, қарапайым тұрғындар көп алданып жатқанда, мынау жақсы жаңалық қой. Полиция дами берсін, қылмыскерлерге тосқауыл қойылсын.
Дұрысы заңды сақтау, тәртіп бұзбау. Жол ережесін қатаң сақтау керек, әйтпесе талай адам трассада жазықсыз жан тапсырып жатыр. Кез келген заңсыздық үшін жаза бар екенін бәріміз білеміз. Ереже сақтамаған өзің, камераға неге өкпелейсің. Еххх жігіттер, жауапкершілік алып үйрену керек қой.
Полиция өз арамыздан шыққан адамдар ғой. Бірдеңе болса кіналамай, түсіністік танытайық. Оларда ет пен сүйектен жаралған адам. Халық үшін күн демей, түн демей жұмыс жасап жүрген солар шығар.
Полиция қызметі - Үйден шыққанда алдында не күтіп тұрғанын білмейтін қиын да қауіпті сала. Сондықтан антына адал полицейлерді бағалайықшы. Басымызға іс түссе өзінің амандығын емес, тыныштықты күзетіп бірінші осы кісілер шығады🙏
Жақсы жұмыс жасапсыздар. Жарайсыздар, талай адамды алдаған алаяқтар жазасын алсын. Сондықтан барлығымыз қауіпсіздік ережесін сақтап, цифрлық қауіпсіздікті ұстанайық. Алаяқтың айласынан сақтанайық!
Дұрыс, қағынған жүргізушілерді осылай тәртіпке келтіріп қою керек. Әйтпесе қаншама водительдердің жауапсыздығынан жолда авариялар көбейіп кетті. Күнде түрлісін естіп, жүрегің ауырады. Көлігі бар адамдар асықпай, ереже сақтап жүрсеңіздер🙏
Осы кісі министр болғалы өзгеріс көп. Бастықтардың өздері шығып, тексерсе, бақылауға алса жақсы жұмыс болады. Қағынған жүргізушілерді жөнге салады деп сенеміз.
Күніге осындай түрлі қылмыскерлермен бетпе-бет келетін полицейлерге қандай қиын. Қай қылмыскердің оғынан өліп кетем деп жұмысқа шығуды ойлаудың өзі ауыр